ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия Ататүріктің Салоникидегі үйін қайта ашты
Мұражай түрік мұрасын таныстырып, түрік-грек достығын нығайтуға үлес қосуда. Ал Түркияның Мәдениет және туризм министрі республика мен оның болашағын қорғағаны үшін Мұстафа Кемал Ататүрікке құрмет білдірді.
Түркия Ататүріктің Салоникидегі үйін қайта ашты
Түркия Ататүріктің Селаниктегі үйін қайта ашты / Others

Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой Эгей теңізінің Термаик шығанағындағы грек порты Салоники қаласында қалпына келтірілген Ататүрік үйінің ашылу рәсіміне қатысты. Ашылу салтанатында ол Ататүрікке құрмет көрсету ˗ Республиканы және оның құндылықтарын сақтаумен  қатар еліміз бен өскелең ұрпақ алдындағы жауапкершілік екенін атап өтті.

Жексенбі күні Эрсой Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрікке құрмет пен ризашылығын білдірді.

Министр Ататүріктің тек мемлекет қайраткері ғана емес, ұлттың жүрегінде өшпес із қалдырған ұлы тұлға екенін айтты. Мұражайдың қайта ашылуы - оның есіміне деген құрмет пен адалдықтың көрінісі екенін жеткізді.

Сондай-ақ президент Режеп Тайып Ердоғанның жетекшілігімен Түркияның демократияға, тәуелсіздікке, еркіндікке және республикаға деген адалдығын атап өтті. Ататүріктің туған үйі ˗ жай ғана ғимарат емес, республика құрылуының алғашқы қадамдары басталған қасиетті орын екенін айтты.

Мәдени мұраны сақтау

Эрсой министрлік 2022 жылы кең көлемді қалпына келтіру және техникалық безендіру жұмыстарын жүргізгенін және 2024 жылдың 19 желтоқсанында басталған осы үдерісті жеке бақылағанын айтты.

1953 жылғы музей келбетіне сай қайта қалпына келтірілген Ататүрік үйінде жаңартылған бөлмелер, этнографиялық көрме, кітапхана және Ататүріктің өмір тарихын баяндайтын қабаттар бар.

Түркияның мәдени мұраны сақтау жөніндегі табандылығын атап өткен Эрсой Салоникидегі Ататүрік үйі осы күш-жігердің айқын үлгісі екенін айтты және президент Режеп Тайып Ердоғанның бұл үйдің Түркия мен Грекия арасындағы бейбітшілік пен өзара түсіністіктің символы болуы керек деген үндеуін еске салды.

Грекияның Туризм жөніндегі вице-министрі Анна Караманли да Ататүрік үйінің қайта ашылуы екі ел арасындағы қатынастарды нығайтып, көршілік байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін маңызды оқиға екенін атап өтті.

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?