САЯСАТ
3 ... минут оқылды
Пәкістан мен Үндістан шиеленісіне байланысты рейстер тоқтатылып, бағыттары өзгеріп жатыр
Әуе компаниялары қақтығыс аймағының үстінен ұшудың алдын алу үшін не істейді?
Пәкістан мен Үндістан  шиеленісіне байланысты рейстер тоқтатылып, бағыттары өзгеріп жатыр
/ AP

Ядролық қаруы бар көршілес Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыстар авиакомпанияларды сәрсенбі күні рейстерді тоқтатуға, бағытын немесе кестесін өзгертуге мәжбүр етті.

Үндістан өткен ай болған қанды шабуылға жауап ретінде зымыранмен шабуыл жасағаннан кейін ұзақ уақыт бойы қарсылас екі ел даулы шекарасы бойында қарқынды артиллериялық атысқа тап болды.

Әуе компанияларының қақтығыс аймағына байланысты қолданатын сақтық шараларының қысқаша мазмұны мынадай:

Пәкістан

«Пәкістан өзінің әуе кеңістігін уақытша жауып, елдің барлық әуежайларында, соның ішінде Лахор, Карачи, Фейсалабад, Сиалкот және Кветтада барлық ішкі және халықаралық рейстерді тоқтатты», деп хабарлады жергілікті Самаа жаңалықтар арнасы.

«Pakistan International Airlines» ұлттық тасымалдаушысы 12 сағатқа барлық рейстерін тоқтатты.

Үндістан

«IndiGo» сәрсенбі күні 11 жерден, соның ішінде елдің Пәкістанмен солтүстік-батыс шекарасына жақын Кашмирдегі Сринагардан 165 рейсті тоқтатқанын айтты. Күніне 2200-ден астам рейс орындайтын «IndiGo» Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыстан ең көп зардап шеккен әуе компанияларының бірі болды. Компанияның акциялары 3,1 пайызға төмендеп, Түркия уақытымен 11:22-де 1 пайызға төмен саудаланды. Үндістан бірнеше әуежайды жапқандықтан, «Air India», «SpiceJet» және «Akasa Air» рейстері де тоқтатылды.

Оңтүстік Корея

«Korean Air» әуекомпаниясы Пәкістанның әуе кеңістігінің орнына Мьянма, Бангладеш және Үндістан арқылы оңтүстік бағытты пайдаланып, Сеул Инчхоннан Дубайға ұшу бағытын өзгертті. «Біз жағдайды мұқият қадағалап отырмыз», - деді «Korean Air»-дің ресми өкілі Франс Пресске.

 Тайвань

Тайваньдағы «China Airlines» бірнеше рейстің бағытын өзгерткенін немесе тоқтатқанын хабарлады. «Тайбэйден Франкфурт пен Амстердамға ұшқан екі рейс Бангкокқа техникалық бағытта бұрылғаннан кейін Тайвань астанасына оралды. Сейсенбі және сәрсенбі күндері Тайбэйден Прагаға, Римге және Лондонға үш рейс тоқтатылды. «China Airlines» компаниясы жағдайды бақылауды жалғастыруда және қажет болған жағдайда ұшу кестесін түзетеді», - деді компания.

«EVA Air» экипаж бен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Еуропаға және Еуропадан ұшатын рейстерді «соңғы жағдайларға байланысты» реттейтінін айтты. Венадан Бангкокқа ұшатын рейс Австрия астанасына оралады, ал Тайбэйден Миланға ұшатын ұшақ жанармай құю үшін Венаға бағытталады, содан кейін Италия қаласына қарай бағыт алады.

Ресей

Ресейдің «Аэрофлот» ұлттық тасымалдаушысы Мәскеуден Үндістанға, Таиландқа, Шри-Ланкаға, Мальдив пен Сейшель аралдарына баратын барлық рейстердің бағыты өзгеретінін хабарлады.

Сингапур

«Singapore Airlines» әуе компаниясы Пәкістанның әуе кеңістігіне кірмеу үшін рейстерінің бағытын өзгерткенін хабарлады.

Малайзия

«Malaysia Airlines» Куала-Лумпурдан Лондон Хитроу мен Париж Шарль де Голльге ұшқан екі рейстің бағытын өзгертті. Бұл рейстер Дохаға тоқтап, кейін сапарын жалғастырды. Сондай-ақ әуе компаниясы 9 мамырға дейін Үндістанның Амритсар қаласына барлық рейстерді тоқтатты.

Тайланд

«Thai Airways» сәрсенбі күні таңғы сағат 5-тен (сейсенбі күні GMT бойынша 22:00) Пәкістанның әуе кеңістігіне кірмеу үшін Еуропа мен Оңтүстік Азиядағы бағыттарға рейстердің бағытын өзгертетінін айтты және ықтимал кешігулер туралы ескертті.

Әуе компаниясы Еуропа қалаларына бағытталған кемінде сегіз рейстің өзгергенін және сәрсенбі күні Бангкоктан Исламабадқа және кері ұшатын рейстің тоқтатылғанын білдірді.

Шри-Ланка

«SriLankan Airlines» шиеленістің рейстеріне әсер етпегенін және Пәкістанның Лахор мен Карачи қалаларына апта сайын ұшатын төрт рейске ешқандай өзгеріс енгізілмегенін хабарлады.

БАӘ

«Emirates», «Etihad», «Qatar Airways» және «Flydubai» сияқты Парсы шығанағындағы тасымалдаушылар Пәкістан мен Үндістанның солтүстігіндегі Лахор, Исламабад, Сиалкот және Амритсар қалаларына рейстерді тоқтатты»,- деп хабарлайды «The Independent». «Emirates» зардап шеккен қалалардағы жолаушыларды «әуежайларға бармауға» шақырды және Карачиге рейстер жұмыс істейтінін растады.

«KLM»

Голландиялық «KLM» әуе компаниясының өкілі Пәкістан арқылы рейстерді орындамайтынын және бұл келесі ескертуге дейін жалғасатынын хабарлады.

Іздеу
Зеленский келіссөздерге Еуропа елдерінің қатысуы қажет екенін мәлімдеді
АҚШ-тың «Apache» тікұшағы Ормуз бұғазы маңында апатқа ұшырады
Хакан Фидан ирандық әріптесімен телефон арқылы сөйлесті
Сауалнама: 36 елдің көпшілігінде Израиль туралы «теріс» пікірлер кең таралған
Балқан көшбасшылары Черногориядағы ЕО саммитіне қатысуда
Ресей: «Президент Трамптың ұсыныстары бейбіт келісімнің негізі бола алады»
Президент Трамп Иранның Діни жетекшісімен кездесуді «үлкен мәртебе» санайтынын айтты
Президент Зеленский бейбіт келіссөздерді Түркияда өткізуді ұсынды
АҚШ Ресейге қысымды арттырмақ
Еуроодақ Арменияға 50 миллион еуродан астам қаржы бөлмек
Президент Трамп: “Иран америкалық сарбаздарды өлтірмесе, атысты тоқтату режимін бұзбаймын”
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
НАТО  Балтық теңізінде оқу-жаттығуларын бастады
“АҚШ президенті Анкарадағы НАТО саммитіне қатысуы мүмкін”
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Израильдің Ливанның оңтүстігінен кетуін талап етті
Трамп: «АҚШ–Иран келісімі мен Ормуз бұғазының ашылуы келесі аптада жүзеге асуы мүмкін»
НАТО Анкара саммитінен нақты нәтиже күтеді
Мажарстан премьер-министрі мемлекет басшысын қызметінен босатуға ниетті
АҚШ Иран нысандарына әуеден соққы жасады