ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Дания пошта қызметі 400 жылдық дәстүрді аяқтап, хат тасуды тоқтатты
Елдегі хат алмасу көлемінің цифрландыру салдарынан күрт төмендеуіне байланысты осындай шешім қабылданды.
Дания пошта қызметі 400 жылдық дәстүрді аяқтап, хат тасуды тоқтатты
Дания пошта қызметі 400 жылдық дәстүрді аяқтап, хат тасуды тоқтатты / AFP

Данияның мемлекеттік пошта кәсіпорны “PostNord” сейсенбі күні соңғы хатты жеткізіп, елдегі 401 жылдық қоғамдық пошта тарату дәстүрін тоқтатты.

Данияның “DR” хабар тарату мекемесінің мәліметінше, “PostNord” бұдан былай тек сәлемдемелерді (карго) жеткізуге ғана назар аударады.

Компания цифрландыру мен өзгерген байланыс әдеттеріне байланысты хат көлемінің айтарлықтай азайғанын негізге алды. “PostNord” бас директоры Ким Педерсен: «Бүгін — “PostNord” тарихындағы бетбұрыс кезең. Біз ғасырлар бойы жалғасқан хат тасу қызметін аяқтаймыз, бірақ даниялықтар бізге ең көп мұқтаж болып отырған сала — электронды коммерцияда жаңа парақ ашамыз; мұнда қазір сәлемдемелер хаттардан әлдеқайда көп», — деді. Бұл қадам физикалық поштаға деген сұранысты айтарлықтай азайтқан мобильді төлемдер сияқты цифрлық шешімдерге бағытталған әлеуметтік өзгерісті көрсетеді.

“ PostNord” бұл қызметтен кеткеннен кейін “Dao” атты жекеменшік компания хат тасу жұмыстарының басым бөлігін өз міндетіне алады. Компанияның бас директоры Ханс Питер Ниссен 2026 жылы шамамен 80 миллион хат тарататынын болжап отыр.

Іздеу
Польшада роботтар жасанды интелектке қарсы наразылық білдірді: Жұмыс орындарын қорғаңыздар
Зеленский: «АҚШ Ресей мен Украина арасындағы соғысты бәсеңдетуге күш салып жатыр»
Араб коалициясы хоуситтердің шабуылдарына қарсы шара қабылдайтынын айтты
Катар АҚШ-Иран дағдарысын аймақтық диалог арқылы "біртіндеп еңсеруді" көздейді
ХАМАС Израильді Газа геноцидінің дәлелдерін жасыруға тырысты деп айыптайды
Ресейдің Киевке жасаған шабуылынан алты адам жараланды
Фолькер Тюрк жаһандық дағдарыстарға байланысты үндеу жасады
Ресей: «Германия Бонндағы Бас консулдығымызды негізсіз сылтаумен жапты»
Ресей мен Украина келіссөздері қайта жандануы мүмкін
Түркияның волейболдағы жеңісі Италия баспасөзінде кеңінен талқыланды
Жаңа Делиде көпқабатты ғимарат опырылып, бес адам қаза тапты
БҰҰ-ның Адам құқықтары кеңесінде Газа мәселесіне баса назар аударылды
Қытайдың Өзбекстан экономикасына әсері: Сауда көлемі өсуде, тапшылық артуда
Израиль Ливанға соққы берді
Иран Ормуз бұғазы маңында тыйым салынған аймақ жарияламақ