ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Испания мен Португалия алапат өртпен күресуде
Испаниядағы жағдай 2006 жылдан бергі ең ауыр өрт маусымы ретінде тарихқа енді. Португалияда бір өрт сөндіруші қаза тауып, екі адам жараланды.
Испания мен Португалия алапат өртпен күресуде
/ AA

Жерсерік деректеріне сәйкес, Испанияның батысында сейсенбіге қарай 24 сағаттан аз уақыт ішінде 30 мың гектар жер өртке оранған. Елде биыл 373 мың гектар жерді жалмыған өрт 2006 жылдан бергі ең ауыр өрт маусымы ретінде тарихқа енді.

Бұл апат 2022 жылғы 306 мың гектарлық шығыннан асып түсті. Залал негізінен солтүстік-батыстағы Самора мен Леон аймақтарында, Галисияның Оуренсе аймағында және Эстремадура өңіріндегі Касерес провинциясында апта бойы жалғасқан ірі өрттен туындады.

Мыңдаған адам эвакуацияланды

Ондаған ауылдың тұрғыны көшіріліп, негізгі жолдар жабық күйінде қалды. Мадрид пен Галисия арасындағы теміржол қатынастары тоқтатылды. Билік өкілдері өрттің әлі толық бақылауға алынбағанын мәлімдеді. Дегенмен Кастилия-Леондағы орталық үкімет өкілі Никанор Сен температураның 10–12 градусқа төмендегенін және ылғалдылықтың артқанын, бұл өрт сөндірушілер үшін қолайлы жағдай туғызғанын жеткізді. Сен мемлекеттік телеарна “TVE”-ге берген сұхбатында: «Бұл өзгерістер өртті бақылауға алу шарттарын жеңілдетіп отыр», – деді.

Португалияда бір өрт сөндіруші қаза тауып, екі адам жараланды

Көршілес Португалияда да алапат өрт адам шығынына себеп болды. Жексенбі күні Президент Марсело Ребелу де Соуза бір өрт сөндірушінің жол апатында қаза тапқанын, екеуінің ауыр жараланғанын хабарлады. Сондай-ақ ол жұма күні шығыстағы Гуарда қаласының бұрынғы басшысы өрт сөндіру барысында көз жұмғанын мәлімдеді.

Португалияның солтүстік және орталық аймақтарына шамамен 2 000 өрт сөндіруші жұмылдырылды, олардың жартысы ең көп зардап шеккен Арбанил қаласы маңында шоғырланды.

Биыл өңірде 216 мың гектардан астам жер өртке оранды.

Іздеу
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
Балтық елдері ортақ резервтік энергия қуатын құру бойынша келісімге келді
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді