ЭКОНОМИКА
2 ... минут оқылды
Трамп сауда соғысы кезінде Қытайдың «бірнеше рет» байланыс орнатуға тырысқанын мәлімдеді
Дональд Трамп Қытайдың кедендік тарифтер 145 пайызға жеткен кезде бірнеше рет әрекет жасағанын айтты.
Трамп сауда соғысы кезінде Қытайдың «бірнеше рет» байланыс орнатуға тырысқанын мәлімдеді
/ Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Америка мен Қытай арасында кедендік тарифтер жөнінде келіссөздер жүріп жатқанын және әлемдегі ең ірі екі экономиканың қатты шиеленіскен сауда соғысын аяқтайтын келісімге қол жеткізуі мүмкін екеніне сенімді екенін айтты.

«Иә, біз Қытаймен келіссөз жүргізіп жатырмыз», – деді Трамп журналистерге бейсенбі күні.

«Менің ойымша, олар бізбен бірнеше рет байланысқа шықты», – деді ол.

Трамп бұл келіссөздер өзінің Қытайға бағытталған тарифтерді рекордтық деңгей болып саналатын 145 пайызға дейін көтеруінен кейін басталғанын растады. Бұл арттыру Пекиннің Трамптың кең ауқымды «Тәуелсіздік күні» тарифтеріне жауап ретінде жасаған қарсы шараларынан кейін жүзеге асқан.

Алайда Трамп Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен тікелей сөйлескені не сөйлеспегені туралы сұраққа нақты жауап бермеді, алайда бұған дейін бұл тақырыпта түрлі ишара білдірді.

«Бұл келіссөздер болды немесе болмады деп ешқашан айтқан емеспін», – деген Трамп «Мен мұны айту орынды емес деп санаймын», – деп қосты.

Пекин Трамптың бұл мәлімдемелеріне қатысты әзірге ешқандай пікір білдірмеді.

«Доп қазір Қытай алаңында»

Журналистер Си Цзиньпиннің тікелей байланысқа шығып шықпағанын сұрағанда Трамп: «Бұл өте айқын нәрсе деп ойлауға болады, бірақ бұл туралы кейінірек сөйлесеміз», – деп жауап берді.

Трамп әкімшілігі әлемдік нарықтарда алаңдаушылық тудырған, бір-біріне жоғары тарифтер енгізілген сауда соғысында басты бәсекелесі Қытаймен қақтығыс үстінде.

«Біз Қытаймен өте жақсы келісімге келеміз деп ойлаймын», – деді Трамп бұл мәлімдемесін АҚШ пен Еуропалық Одақ арасындағы тарифтерді жою жөніндегі келіссөздер аясында Вашингтонға келген Италия премьер-министрі Джорджия Мелонимен кездескен кезінде.

Өткен жылы Қытай АҚШ-қа 400 миллиард доллардан астам өнім экспорттаған. Бұл америкалық компаниялардың Қытайға сатқан өнімдерінен әлдеқайда көп.

Ақ Үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт сейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде: «Доп енді Қытай алаңында. Келісім жасауы тиіс жақ – Қытай. Біз онымен келісімге келуге міндетті емеспіз», – деді.

“TikTok” туралы сөз еткен Трамп бұл платформаның АҚШ-тағы қызметіне қатысты ұлттық қауіпсіздік мәселелері себебімен қаралып жатқан келісімнің іс жүзінде дайын екенін, бірақ оның жүзеге асырылуы кейінге қалдырылатынын айтты.

«TikTok бойынша келісіміміз бар, бірақ ол Қытайға байланысты. Сондықтан бұл мәселе шешілгенге дейін келісімді кейінге қалдырамыз», – деді ол.

«TikTok келісімі өте жақсы. Бұл Қытай үшін де тиімді. Менің ойымша, біз әлемдегі ең үздік компаниялардың кейбірімен аяқтауға жақын қалған осы келісімнің жүзеге асуын Қытайдың өзі де қалайды»,– деді ол.

 

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты