ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия Жедел қолдау күштерін айыптады
Түркияның БҰҰ-дағы арнайы өкілі Ахмет Йылдыз Суданның әлемдегі ең ауқымды  қоныс аудару дағдарысына тап болғанын атап өтіп, бұл дағдарысты шешудің жалғыз жолы заң мен диалог екенін айтты.
Түркия Жедел қолдау күштерін айыптады
Түркия Жедел қолдау күштерін айыптады / Reuters

Түркия Суданның Жедел қолдау күштері (ЖҚК) тарапынан бейбіт тұрғындарға қарсы жасалған қатыгездікті қатаң айыптады.

Түркияның БҰҰ-дағы арнайы өкілі Ахмет Йылдыз дүйсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде өткен Судан мәселесіне арналған отырыста «Жедел қолдау күштерінің бейбіт тұрғындарға қарсы жасаған қатыгездігін қатаң айыптаймыз және зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмекті жедел жеткізуді талап етеміз»,-деді.

Йылдыз Суданның әлемдегі ең ірі ішкі қоныс аудару дағдарысына тап болғанын атап өтіп, Анкараның Әл-Фашир мен Кордофан аймақтарындағы соңғы оқиғаларға терең алаңдаушылық білдіретінін айтты.

Сондай-ақ ол 13 желтоқсанда Оңтүстік Кордофанның Кадугли қаласында орналасқан БҰҰ-ның Уақытша Қауіпсіздік Күштерінің логистикалық базасына жасалған ЖҚК шабуылын айыптады. Бұл шабуыл салдарынан алты бангладештік бітімгер қаза тауып, сегізі жараланған.

Түркия өкілі «Түркия Суданның бірлігін, аумақтық тұтастығын, егемендігін және тәуелсіздігін аймаққа және жалпы Африкаға қатысты принциптік көзқарасымыздың негізгі қағидаттарының бірі ретінде қарастырады», - деп мәлімдеді.

«Тұрақты шешім тек заң мен диалог арқылы ғана болады», – деген Йылдыз қақтығысты тоқтатуға бағытталған аймақтық және халықаралық бастамаларды қолдайтындарын жеткізді.

Йылдыз сөзін қорытындылай келе «Халықаралық қауымдастықтың күш-жігері атысты тоқтатуды қамтамасыз ететін, кешенді саяси үрдіс пен жауапкершілікті қамтамасыз ететін инклюзивті бейбітшілік үрдісіне айналуы керек»,- деді.

Түркия Суданмен қарым-қатынастарын жалғастырып келеді

Йылдыз Түркияның Суданмен жалғасып жатқан қарым-қатынастарын атап өтіп, Түркияның гуманитарлық көмек кемелері елге шамамен 10 мың тонна көмек жеткізгенін, тырысқақпен күресу үшін медициналық жабдықтар жіберілгенін, сондай-ақ 30 мың шатырдың жолда екенін айтты.

Йылдыз: «Судан халқы зорлық-зомбылық пен өлімнің қыспағынан құтқарылуы тиіс», - деп қосты.

ЖҚК күштері 2023 жылдың сәуір айынан бері Судан армиясымен қақтығысуда. 26 қазанда ЖҚК жасақтары 500 күнге созылған қоршаудан кейін Солтүстік Дарфур штатының астанасы Әл-Фаширді басып алды.

Бұл оқиға аймақта жаппай қырғынға, жаппай қоныс аударуға және азық-түлікке қол жеткізе алмай, қоршауда қалған бейбіт тұрғындардың жағдайының одан әрі нашарлауына әкелді.

 

 

Іздеу
Пашинян Әзербайжанмен бейбітшілік Арменияның тұрақтылығының негізін қалайтынын айтты
"Сирия дұрыс бағытта алға жылжуда"
Президент Ердоған Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады
Украина: «Зеленский президент Ердоғанның дәнекерлігімен Путинмен кездесуі мүмкін»
Коммуникация басқармасы төрағасы Дуран Израиль Қорғаныс министрі Кацтың мәлімдемелеріне жауап берді
Ибрахим Калын Сирияның Сыртқы істер министрі Шайбанимен кездесті
Түркия Мекке қорғаныс альянсына қатысты мәлімдеме жасады
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Президент Ердоғанның Палестинаға қолдауы жалғасып келеді
Түркия 2027 жылы алғашқы "HÜRSAT"  бақылау спутнигін ұшыруды мақсат етеді
Канада премьер-министрі Түркияға алғаш рет сапарлай келеді
Президент Ердоған Стамбулдың азат етілуінің 103 жылдығын атап өтті
Темекі шегуді ұнатпайтын жалғыз түрік ауылы
Президент Ердоған "AileFest-ке" қатысты
Түркия Израильдің Сирия аумағындағы заңсыз әрекеттерін айыптады
«Aselsan» 2,75 миллиард долларлық келісімшартқа қол қойды
Cтамбул әуежайы Еуропадағы ең көп рейс орындалатын әуежай болды
Ғарыш саласындағы ынтымақтастық үшін Түркияның бастамасымен  Анталия декларациясына 21 ел қол қойды
Президент Ердоған: «Экспортта тарихи рекорд орнаттық»