ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Израиль «Әл Жазира» телеарнасының төрт журналисін өлтірді
«Шифа» ауруханасының басшысының мәлімдеуінше, Газадағы журналистердің шатырына жасалған шабуылда бес журналист қаза тапқан.
Израиль «Әл Жазира» телеарнасының төрт журналисін өлтірді
/ Al Jazeera

Израиль Газа секторының батысындағы «Шифа» ауруханасы маңында орналасқан журналистер шатырына шабуыл жасап, «Әл-Жазираның» екі тілшісін өлтірді.

Катарлық телеарна Газадағы «Шифа» ауруханасының басшысының мәлімдемесіне сілтеме жасап, «Әл-Жазира» тілшілері Энес әл-Шәриф пен Мұхаммед Курейка Израильдің Газадағы шатырларға жасаған шабуылында қаза тапты»,- деп хабарлады.

Сондай-ақ «Әл Жазира» жексенбі күні жасаған мәлімдемесінде шабуыл кезінде оператор Ибрагим Захер мен Мұхаммед Нуфалдың да қаза тапқанын растады.

«Әл-Жазираның» арабтілді тілшілері Энес әл-Шәриф пен Мұхаммед Курейка, операторлар Ибрагим Захер мен Мұхаммед Нуфал Израиль шабуылынан қаза тапты», — деп хабарлады.

Израиль Энес әл-Шәрифтің қаза тапқанын растады. Сондай-ақ ешқандай дәлел ұсынбай оның ХАМАС ұяшығының басшысы екенін мәлімдеді.

Газадағы Израиль шабуылдарын басынан бері бақылап келген Энес әл-Шәриф қаза таппас бұрын оны өлімге әкелген шабуыл туралы әлеуметтік желіде хабарлаған болатын. Әл-Шәриф «X» парақшасында:
«Тоқтаусыз бомбалау... Израиль екі сағат бойы Газа қаласын бомбалауда» деп жазды.

Басқа журналистер әл-Шарифтің өлімін жариялағаннан кейін көп ұзамай «Әл-Жазира» оны растады.

Әл-Шарифтің соңғы хабарламасы

«Х» аккаунтын басқаратындар әл-Шәриф қайтыс болғаннан кейін оның өсиетін жариялады. Өсиетінде ол Алладан шейіттер қатарында болуын және күнәларын кешіруін тілеген.

Әл-Шәриф соңғы сөзінде: «Алла өмірімді ұзартса отбасыммен, жақындарыммен бірге туған жеріміз Аскалонға оралсам деп армандаймын. Алайда Алланың қалауы болды», - деді.

«Қиындықтың әрбір сәтін бастан өткердім, жоғалтудың және қайғының дәмін талай сездім. Бірақ шындықты бұрмаламай сол күйінде жеткізуден тайсалмадым. Алладан үнсіз қалғандарға, өлтірілуімізді қабылдағандарға куәлік етуін тілеймін», — деді ол.

Соңғы сөзінде ол Палестина халқын араб және мұсылман әлеміне аманаттап, үнсіз қалмауды, Палестинаны азат ететін көпір болуды сұрады.

Сонымен қатар отбасын, анасын, жұбайын, ұлын және қызын әлемге аманаттады.

Әл-Шәриф: «Газаны ұмытпаңыздар... және дұғаларыңызда мені ұмытпаңыздар»,- деді.

Шатырға бағытталған шабуылдан алты адам қаза тапты. Оның бесеуі журналист. 2023 жылдан бері Газада қаза тапқан журналистердің саны 237-ге жетті.  

Іздеу
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады
Түркия әлемдегі халқы ең көп 18-ші ел болды
Президент Ердоған Словакия президенті Пеллегринимен кездесті
Грекия премьер-министрі Мицотакис: "Түркия керемет НАТО саммитін ұйымдастырды"
Автомобиль саласында 8 миллиард долларлық қосалқы өнеркәсіп өнімі экспортталды
Түркияда жазғы демалысқа арналған бес тамаша мекен
Трамптан Иранға «шабуылдар үдеуі мүмкін» деген қоқан-лоқы