ЭКОНОМИКА
2 ... минут оқылды
Трамп Федералдық резерв төрағасына бағытталған сынын жұмсартты
Дональд Трамп "Fed" төрағасы Джером Пауэллдің пайыздық мөлшерлемелерді төмендету бағытында белсендірек әрекет еткенін қалайтынын мәлімдеді.
Трамп Федералдық резерв төрағасына бағытталған сынын жұмсартты
/ AP

АҚШ Президенті Дональд Трамп Федералдық резерв жүйесінің (Fed) төрағасы Джером Пауэллдің пайыздық мөлшерлемелерді төмендету бағытында белсендірек әрекет еткенін қалайтынын мәлімдеді.

Трамп Пауэллді қызметінен босатқысы келмейтінін айтқанымен пайыздық мөлшерлемелерді төмендету жөнінде қысым жасауды жалғастырды.

Сейсенбі күні Ақ Үйде Трамп: “Оны қызметтен босату ниетім жоқ... Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету идеясында сәл белсендірек болғанын қалар едім.” – деді.

Трамп бұл сәтті мөлшерлемелерді төмендету үшін “тамаша уақыт” деп сипаттап, мұндай қадам шешуші емес болғанымен экономикаға оң әсер ететінін айтты.

“Егер ол бұны жасамаса, бұл бәрінің соңы ма? Жоқ, олай емес. Бірақ бұл сәтті уақыт болар еді,” – деді ол.

Трамп пайыздық мөлшерлемелерді төмендетудің қажеттілігіне себеп ретінде әсіресе энергия және азық-түлік тауарлары бағасының соңғы кездердегі төмендеуін атап өтті.

“Төмендемей тұрған, бірақ айтарлықтай өспей тұрған жалғыз нәрсе — пайыздық мөлшерлемелер. Біз Федералдық резерв жүйесінің мөлшерлемені төмендетуі керек деп есептейміз... Біз төрағамыздың кешігіп емес, ертерек не дер кезінде әрекет еткенін қалаймыз.” ,” – деді ол.

Қытаймен сауда соғысы
Қытаймен болған сауда шиеленісі туралы Трамп Қытай тауарларына салынған 145 пайыздық кеден салығының “айтарлықтай” төмендейтінін, бірақ “нөл болмайтынын” айтты.

“Мен Қытайға қатысты қатаң боламын... Біз өте сыпайы боламыз, олар да сондай болады, сосын не болатынын көре жатармыз.” – деді Трамп.

“Ақыр соңында олар келісімге келуге мәжбүр болады, әйтпесе АҚШ-та сауда жасай алмайды. Яғни, біз олардың қатысуын қалаймыз, бірақ олар да, басқа елдер де келісім жасауға мәжбүр. Егер жасамаса, онда шарттарды біз қоямыз,” – деп қосты ол.

 

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?