ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Суданнан бір күнде 1 600-ден астам тұрғын қашты
Халықаралық көші-қон ұйымы Жедел қолдау күштерінің заңбұзушылықтарының күшеюіне байланысты бір күнде 1 600-ден астам бейбіт тұрғынның Оңтүстік Кордофаннан мәжбүр болғанын мәлімдеді.
Суданнан бір күнде 1 600-ден астам тұрғын қашты
Судан армиясы мен ЖҚК арасындағы 2023 жылдың сәуірінде басталған қақтығыс кемінде 40 000 адамның өмірін қиып, 12 миллион адамды босқынға айналдырды.. / AP

Халықаралық көші-қон ұйымы қауіпсіздік ахуалының нашарлауына және жартылай әскери Жедел қолдау күштерінің заңбұзушылықтарының күшеюіне байланысты Оңтүстік Кордофандағы Кертала ауылынан бір күнде 1 600-ден астам бейбіт тұрғынның кетуге мәжбүр болғанын мәлімдеді.

Агенттік жексенбі күні жасаған мәлімдемесінде қоныс аударуды бақылау матрицасының далалық топтары 28 қарашада ЖҚК тарапынан жасалған заңбұзушылықтарға байланысты қауіпсіздік жағдайы нашарлаған соң Керталадан 1625 адамның кеткенін болжап отырғанын айтты.

Агенттіктің дерегінше, қоныс аударғандар Далами аймағының әртүрлі бөліктеріне тараған, ал өңірдегі жағдай әлі де құбылмалы және шиеленісті.

Жексенбі күні ерте уақытта куәгерлердің Анадолы агенттігіне хабарлауынша, Судан әскері Оңтүстік Кордофандағы Аббасия Тагали қаласының батысындағы бірнеше аумақты ЖҚК-ке одақтас Суданның Солтүстік халықтық-азаттық қозғалысымен болған қақтығыстардан кейін бақылауына қайта алған.

Жұма және сенбі күндері әскердің осы аймақта Керталаға жасалған ЖҚК шабуылын тойтарғаны хабарланды.

ЖҚК-ның Суданның Солтүстік халықтық-азаттық қозғалысының қолдауымен Оңтүстік Кордофанның бірнеше ауылына шабуыл жасап, жастарды мәжбүрлі әскери қызметке алу үшін алып қашқаннан кейін міндетті қоныс аудару байқалды.

Тұрақсыз аймақ

Кордофанның Солтүстік, Батыс және Оңтүстік үш штатында бірнеше апта бойы армия мен ЖҚК арасындағы қатты қақтығыстар жалғасуда. Адам құқықтарын қорғау ұйымдарының мәліметінше, бұл жағдай ондаған мың адамның қашуына себеп болған.

Судандағы 18 облыстың ішінде ЖҚК батыстағы Дарфур өңірінің бес штатының барлыған бақылауда ұстап отыр, ал Солтүстік Дарфурдың кейбір солтүстік аудандары әлі де армияның қолында.

ҚатыстыTRT Қазақ - Суданда ондаған адам қаза тапты
Іздеу
Түркия 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарында
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
“ChatGPT” жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
Эль-Ниньо әлемде табиғи апат қаупін арттыруы мүмкін
Француз және жапон ғалымдар химия Нобель сыйлығын алды
Иран: «АҚШ-тың соғысты тоқтату ұсынысына араағайын елдер арқылы жауап беріледі»
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Халықаралық валюта қорының басшысы жаһандық экономикаға төнген қауіпті атады
Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты шұғыл шаралар қабылданды
Украинада адам шығыны артуда
Газа мен Батыс Шерияда 20 мыңнан астам оқушы қаза тапты
Ирак ұлттық валютасын девальвациялады