САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Иран: “АҚШ міндеттемелерді орындамайынша, келіссөздер қайта басталмайды”
Сыртқы істер министрі Аракчи Иран мемлекеттік телеарнасына берген сұқбатында АҚШ-пен байланыстар және Ормуз бұғазына қатысты мәлімдеме жасады.
Иран: “АҚШ міндеттемелерді орындамайынша, келіссөздер қайта басталмайды”
Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи қазіргі уақытта АҚШ-пен ешқандай келіссөз жүргізіп жатпағанын мәлімдеді. (МҰРАҒАТ)

Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи қазіргі уақытта АҚШ-пен ешқандай келіссөз жүргізілмей жатқанын айтып, Вашингтон өзара түсіністік туралы меморандумда бұзған тармақтарға қатысты жағдайды түзетпейінше, келіссөздер қайта басталмайтынын айтты.

Тараптар арасында делдалдар арқылы хабар алмасу жалғасып жатқанын айтқан Аракчи: «Қазіргі уақытта АҚШ-пен ешқандай келіссөз жүргізіп жатқан жоқпыз. Делдалдар арқылы хабар алмасып жатырмыз, алайда мұны келіссөз деп атауға болмайды», - деді.

Аракчидің айтуынша, делдалдар тараптар арасында қайтадан өзара түсіністікке негізделген орта қалыптастыру бағытындағы жұмысын жалғастырып жатыр. Ол келіссөздердің қайта басталуы үшін АҚШ өзара түсіністік туралы меморандумның бұзылуына байланысты міндеттемелерін орындауы тиіс екенін айтты.

Аббас Аракчи: «Меморандумды бұзу тоқтатылмайынша және АҚШ өзара түсіністік туралы меморандумның бұзылған тармақтарына қатысты жағдайды түзетпейінше, келіссөздерді қайта бастау мүмкін емес», - деді.

Аракчи: «Оманмен жүргізіп жатқан келіссөздеріміз Ормуз бұғазы ашылады дегенді білдірмейді. Ол үшін басқа да шарттар орындалуы қажет. Бұл шарттар делдалдар арқылы АҚШ тарапына жеткізілді», - деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран: “АҚШ саясатын өзгертпейінше Ормуз бұғазы қайта ашылмайды”
Іздеу
Түркия  кванттық және ғарыштық технологияларға шоғырланады
Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады