Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гарибабади Ормуз бұғазындағы өту тәртібіне қатысты «Оманмен Ормуз бұғазы бойынша қажетті уағдаластыққа қол жеткіздік», — деп мәлімдеді.
Иран бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған хабарларға қарағанда, Гарибабади ресейлік «РИА Новости» ақпарат агенттігіне Ормуз бұғазындағы жағдайға қатысты түсініктеме берді.
«Оманмен Ормуз бұғазы бойынша қажетті уағдаластыққа қол жеткіздік», — деген Гарибабади тиісті жағдайлар жасалған кезде, өз елі мен Оманның Халықаралық теңіз ұйымына тіркеле алатынын айтты.
Халықаралық теңіз ұйымына тіркелу Ормуз бұғазының ашылатынын білдірмейтінін жеткізген Гарибабади бұғаздың АҚШ өз міндеттемелерін орындаған жағдайда ашылатынын атап өтті.




















