ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Ресей: «Украинаның порты мен әскери жүк кемесін нысанаға алдық»
Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаға тиесілі 371 дронның әуе қорғанысы күштері тарапынан залалсыздандырылып, жойылғанын да хабарлады.
Ресей: «Украинаның порты мен әскери жүк кемесін нысанаға алдық»
Ресей: «Украинаның порты мен әскери жүк кемесін нысанаға алдық»

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаның Одесса портындағы жанармай қоймалары мен әскери жүк тасымалдаған құрғақ жүк кемесіне соққы жасалғанын мәлімдеді.

Министрлік таратқан мәлімдемеде Ресей Қарулы күштерінің кеше кешке Украинаның порт инфрақұрылымы мен Украина армиясының теңіз көліктеріне шабуылдарын жалғастырғаны айтылды.

Шабуыл кезінде әуеден ұшырылатын жоғары дәлдіктегі қарулар мен дрон қолданылған. Соның нәтижесінде Одесса портындағы Украина армиясына арналған жанармай қоймалары нысанаға алынған.

Сонымен қатар Одессаның оңтүстігінде Украина порттарының біріне әскери жүк тасымалдаған құрғақ жүк кемесіне соққы жасалғаны хабарланды.

Министрліктің тағы бір мәлімдемесінде түн ішінде Украинаға тиесілі ұшақ үлгісіндегі 371 дронның әуе қорғанысы күштері тарапынан жойылғаны айтылды.

Дрондар Белгород, Брянск, Воронеж, Волгоград, Курск, Ростов, Тула және Краснодар өңірлерінде, Дағыстан мен Татарстан республикаларында, сондай-ақ Қырым түбегі, Азов және Қаратеңіз үстінде залалсыздандырылған.

 

Іздеу
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты
Африканың шығысында жаңа мұхит пайда болуы мүмкін
«Бешикташ» Еуропада айқын басымдық танытты
Иран Ормуз бұғазы арқылы өтуге әрекеттенген Того туы бар мұнай танкеріне соққы жасағанын мәлімдеді
Трамп Польшада АҚШ базасын құру мәселесінде маңызды ілгерілеушілікке қол жеткізгенін мәлімдеді
13 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салуды жоспарлауда
Армения премьер-министрі Пашинян: «Бізге Ресейдің әскери базасы қажет емес»
Түрік әуе жолдары мен «Air China» кодшеринг бойынша ынтымақтастығын арттырды
Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтеді
Аракчи Қытай сапарынан кейін: «Бүгін қабылданған шешімдер стратегиялық тепе-теңдікті айқындайды»
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
"Айдың айналасында соғысқа дайындалуымыз керек"
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді