ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Қорғаныс министрлігі Грекия мен Кипрдің соңғы кездердегі қарулану әрекеттері мен аймақтағы әскери бастамалары мұқият қадағаланып отырғанын мәлімдеді.
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Ұлттық қорғаныс министрлігі баспасөз брифингін өткізді.

Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігі Грекия мен Оңтүстік Кипрдің соңғы кезеңдегі қарулану әрекеттері мен аймақтағы әскери бастамалары мұқият бақылап отырғанын мәлімдеді.

Ұлттық қорғаныс министрлігінің Баспасөз және қоғаммен байланыс кеңесшісі әрі министрлік өкілі контр-адмирал Зеки Актүрік Әуе күштерінің құрылғанына 115 жыл толуына орай Измирдің Чигли ауданындағы 2-ші Негізгі реактивті авиациялық база қолбасшылығында өткен апталық баспасөз мәслихатында Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қару-жарақ сатып алуды арттыру мәселесіне тоқталды.

Актүрік министрлік тарапынан Грекия мен Оңтүстік Кипрдің соңғы уақыттағы қарулану әрекеттері мен аймақтағы әскери қадамдарының мұқият әрі жіті қадағаланып отырғанын айтты.

Мәлімдемеде Түркияның Эгей теңізі мен Жерорта теңізінің шығысында бейбітшілік, тұрақтылық және тату көршілік қатынастарын қолдайтыны, сонымен бірге өз құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі ұстанымынан айнымайтыны атап өтілді.

Құжатта сондай-ақ: «Түрік Қарулы күштері еліміздің және Солтүстік Кипр Түрік Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап отыр. Аймаққа қажет нәрсе – қарулану жарысы мен шиеленісті күшейтетін қадамдар емес, халықаралық құқық негізіндегі ынтымақтастық пен диалог ортасын нығайту. Сонымен қатар Грекияның қорғаныс шығындарын арттыруы, ең алдымен, грек халқының өзі ойлануы тиіс мәселе», – делінген.

Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді