ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израильдің жойқын шабуылдары палестиналықтарды Газадан жаппай көшуге мәжбүрлеуде
Израиль әуе соққысы, артиллериялық атыс және жарылғыш заттармен жасақталған роботтарды қолдану арқылы шабуылдарын күшейткендіктен аймақтағы палестиналықтар жаппай көшуге мәжбүр болды.
Израильдің жойқын шабуылдары палестиналықтарды Газадан жаппай көшуге мәжбүрлеуде
Израильдің қарқынды шабуылдарынан қашқан палестиналықтар әл-Рашид жолы арқылы Газаның орталығына қарай көшуде / AA

Газа қаласының солтүстік-шығысынан палестиналықтарды күштеп көшіру үрдісі басталды. Израиль күштері солтүстіктен де, оңтүстіктен де әуе соққыларын арттырып, артиллериялық атыс және жарылғыш зат тиелген роботтар арқылы шағын аудандарды бомбалауда.

Палестиналық қауіпсіздік дереккөзі Анадолы агенттігіне берген мәліметінде, Газа қаласының шығыс бөлігіндегі жағдайдың «нашарлап жатқанын» атап өтіп, мұны қираудың ауқымымен байланыстырды. Дереккөздің мәліметіне қарағанда, Израиль әскері оңтүстік пен солтүстік-шығыста шабуылдарын арттыруда. Ал Анадолы агенттігінің тілшісі аймақ тұрғындарының Газа қаласының батысына немесе оңтүстігіне қарай қашып жатқанын хабарлады.

Сондай-ақ оңтүстіктегі әл-Сабра ауданының да бомбаланып жатқаны жеткізілді. Жұма күні Газаны «қауіпті соғыс аймағы» деп жариялаған Израиль геноцид басталғаннан бергі ең ауыр бомбалау науқандарын жүргізуде. Шабуылдар әуе, құрлық және теңізден бір уақытта жасалды.

Палестинаның ең ірі қаласы Газада шамамен бір миллион палестиналық әлі де қала ішінде қамалып отыр. Бұл шабуылдар Израильдің осы айдың басында мақұлдап, Газаны кезең-кезеңімен қайтадан басып алуды көздейтін жоспарының бір бөлігі ретінде жүзеге асырылуда. Жоспардың Газа қаласынан басталуы қарастырылған, себебі аймақ халқының жартысын жуығы Газада.

БҰҰ-ның Палестиналық босқындарға көмек агенттігі (UNRWA) бұл шабуылдар бір миллион адамды үйлерін тастап кетуге мәжбүр етуі мүмкін деп ескертті.

Іздеу
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды
Диего Марадонаның  добы аукционда 3,35 миллион долларға сатылды
АҚШ Иранға қарсы «ауқымды қаржылық шабуыл» басталатынын мәлімдеді
Сирия мен Израиль өкілдері кездесті
Президент Зеленский соғыс кезінде сайлау өткізудің қауіпті екенін ескертті
Ирак Иран мен Сауд Арабиясына ортақ қауіпсіздік кеңесін құруды ұсынды
Түркияның электр энергетикасының жалпы қуаты 126 мың 476 мегаватқа жетті
Сирияның сыртқы істер министрі: "Түркия Сирияны қалпына келтіруде негізгі серіктес"
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
БҰҰ баяндамашысы Израиль әскерлерін «ең арсыз армия» деп атады
Индонезия мен Қытай сыртқы істер министрлері кездесті
Украина: «Ресейдегі мұнай өңдеу зауыты мен Мариновка әскери әуежайына шабуыл жасадық»
Иран: «Дұшпанның қоқан-лоқыларына қатаң жауап қайтарамыз»
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты