САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Канада мен Үндістан сауда келіссөздерін қайта бастады
Екі тарап ұзақ жылдар бойы жалғасып келе жатқан ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастықты қайта растады.
Канада мен Үндістан сауда келіссөздерін қайта бастады
Келіссөздердің қайта жандануы екі ел арасындағы қарым-қатынастардың жақсарғанын көрсетеді. / Reuters

Екі жыл бұрынғы дипломатиялық дағдарыстың кейін екі ел арасындағы келіспеушіліктердің азаюына байланысты Үндістан үкіметі Канада мен Үндістан арасында жаңа сауда келісіміне қатысты келіссөздердің қайта басталатынын хабарлады.

Премьер-министр Марк Карни Оңтүстік Африканың Йоханнесбург қаласында өткен G20 саммиті аясында Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен екіжақты кездесу өткізді.

Үндістан премьер-министрлігі жексенбі күні жасаған мәлімдемесінде “Көшбасшылар 2030 жылға қарай екіжақты сауданы 50 млрд АҚШ долларына жеткізуді мақсат ететін биік мақсатты Кешенді экономикалық әріптестік келісімі жөніндегі келіссөздерді бастауға келісті”, – деп хабарлады.

Екі тарап ұзақжылдық азаматтық ядролық ынтымақтастықты қайта растады және ұзақ мерзімді уран жеткізу тетіктері де қамтылатын серіктестікті кеңейтуге қатысты келіссөздер жалғасатынын мәлімдеді.

Карни алдағы онжылдықта Канаданың АҚШ-тан тыс экспортын екі еселеуге міндеттеме алған.

“Сенімді сауда әріптесі”

Дипломатиялық келіспеушілікке қарамастан Канада мен Үндістан арасындағы сауда көлемі артты, алайда сарапшылар мұны Үндістан экономикасының ауқымымен салыстырғанда әлі де төмен деп бағалайды.

Канада мен Үндістан арасындағы байланыстар Нарендра Моди маусым айындағы G7 саммиті кезінде Карнимен кездескеннен кейін жақсара бастады.

Карни Канада мен Үндістанның мықты сауда қарым-қатынастары бар екенін, әрі бұл байланысты кеңейтуді қалайтынын айта келе “Мақсатымыз – екі ел арасындағы ықтимал сауда келісімі арқылы бұл қатынасты берік негізге қою, біздің және үнді кәсіпорындарын қорғау, анық ережелер мен дау шешу механизмдерін белгілеу және осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану,” – деді.

Карни G20 саммитінде Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силвамен де кездесіп, екі лидер Канада–Меркосур еркін сауда келісімі жөніндегі келіссөздерді жандандыруға келісті. Меркосур құрамына Бразилия, Аргентина, Парагвай және Уругвай кіреді.

Іздеу
Иран Ормуз бұғазы арқылы өтуге әрекеттенген Того туы бар мұнай танкеріне соққы жасағанын мәлімдеді
Трамп Польшада АҚШ базасын құру мәселесінде маңызды ілгерілеушілікке қол жеткізгенін мәлімдеді
13 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салуды жоспарлауда
Армения премьер-министрі Пашинян: «Бізге Ресейдің әскери базасы қажет емес»
Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтеді
Аракчи Қытай сапарынан кейін: «Бүгін қабылданған шешімдер стратегиялық тепе-теңдікті айқындайды»
"Айдың айналасында соғысқа дайындалуымыз керек"
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
АҚШ Өкілдер палатасы Иранға шабуылдарды тоқтатуды көздейтін заң жобасын мақұлдады
Ресей: «Ғарышта қарулану жарысын болдырмау үшін шұғыл түрде нақты қадам басу керек»
АҚШ пен Сирия екіжақты қарым-қатынастар мен өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Ахмед Шара санкциялар алынғаннан кейін Сирияның қайта жанданғанын мәлімдеді
Дания Сыртқы істер министрі Расмуссен Ресейдің Даниядағы елшісі Барбинді министрлікке шақырды
Израильдің Газаға жасаған шабуылдарынан үш адам қаза тауып, 30-дан астам адам жараланды
Ұлыбритания ыдырай ма? Шотландия, Солтүстік Ирландия және Уэльстен тәуелсіздік қадамдары
Иран: «Көрші елдермен, әсіресе Түркиямен қарым-қатынас жақсы деңгейде»
Нетаньяхудың партиясы араб депутаттар бар партияларды Кнессет сайлауынан шеттетуге әрекет етуде
Иран мен БАӘ екіжақты байланысты дамыту және ынтымақтастық аясын кеңейту туралы келісімге келді