САЯСАТ
1 ... минут оқылды
АҚШ-пен Гренландия мәселесі бойынша келіссөздер жақын арада басталады
НАТО Бас хатшысы мен Дания премьер-министрі Арктика қауіпсіздігін нығайту туралы ортақ мәмілеге келді.
АҚШ-пен Гренландия мәселесі бойынша келіссөздер жақын арада басталады
АҚШ-пен Гренландия мәселесі бойынша келіссөздер жақын арада басталады / DPA

Дания Сыртқы істер министрі Ларс Лекке Расмуссен жұма күні жасаған мәлімдемесінде Арктикадағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында Гренландия мәселесі бойынша Америка Құрама Штаттарымен келіссөздердің жақын арада басталуы жоспарланғанын айтты.

Копенгагенде журналистерге сұхбат берген Расмуссен «Бұл кездесулерді өте қысқа мерзімде бастаймыз. Алайда қазіргі уақытта ең бастысы — процесс төңірегіндегі шиеленісті азайту болғандықтан, келіссөздердің нақты уақытын жарияламаймыз», — деді. Расмуссен келіссөздердің негізгі тақырыбы «қауіпсіздік, қауіпсіздік және тағы да қауіпсіздік» болатынын атап өтті.

Осы арада НАТО жетекшісі Марк Рютте мен Дания премьер-министрі Метте Фредериксен жұма күні АҚШ президенті Дональд Трамптың Гренландияны иемдену туралы қоқан-лоққыларынан бас тартқаннан кейін Альянстың Арктика қауіпсіздігі саласындағы жұмысын жандандыруы керектігіне келісті.

Рютте Брюссельде Фредериксенмен өткен кездесуден кейін “X” желісіндегі жазбасында «Біз бүкіл НАТО-ның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірлесіп жұмыс істейміз және Арктикадағы тежеу мен қорғанысты нығайту үшін ынтымақтастығымызды арттырамыз», — деп жазды. Рюттенің осы аптада Давоста Трамппен Гренландия мәселесі бойынша келісімге келгені айтылғанымен, бұл келісімнің егжей-тегжейі жарияланбады.

Екінші жағынан Фредериксен Трамптың қауіптері сейілгеннен кейін Гренландияның астанасы Нуук қаласына барып, ол жерде өз әріптесімен кездеседі деп күтілуде. Фредериксен “X” аккаунтында Брюссельден Нуукқа аттанатынын хабарлады.

Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді