ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Индонезияда орман өрті: 333 мыңнан астам адам тыныс жолдары инфекциясына шалдықты
Индонезияда бірнеше ай бойы жалғасқан орман өртіне байланысты тыныс алу жолдарының инфекциясына шалдыққандар саны 333 мыңнан асты.
Индонезияда орман өрті: 333 мыңнан астам адам тыныс жолдары инфекциясына шалдықты
Индонезияда орман өрті: 333 мыңнан астам адам тыныс жолдары инфекциясына шалдықты.

Индонезия Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елдің әртүрлі аймағында бірнеше ай бойы жалғасқан орман өртіне байланысты соңғы тәулікте тыныс алу жолдарының жедел инфекциясын жұқтырудың тағы 4 522 жаңа жағдайы анықталған.

Министрліктің Қоршаған орта денсаулығы жөніндегі директоры Тен Суянти Оңтүстік Суматра, Батыс Калимантан және Оңтүстік Калимантан провинцияларын қоса алғанда орман өртінен зардап шеккен бірқатар өңірде ауа сапасы қауіпті деңгейде қалып отырғанын мәлімдеді.

Суянтидің айтуынша, орман өртіне байланысты ел бойынша тіркелген тыныс алу жолдарының жедел инфекциясы жағдайларының жалпы саны 333 470-ке жеткен. Ол балаларға, қарттарға, жүкті әйелдерге, сондай-ақ өкпенің созылмалы обструктивті ауруына шалдыққан адамдар сияқты осал топтарға ерекше назар аударылып жатқанын атап өтті.

Суянти үкіметтің орман өрттерінен туындаған тыныс алу жолдарының жедел инфекциялары, өкпе қабынуы, демікпе, сондай-ақ көз бен терінің тітіркенуі сияқты аурулардың таралуын жіті бақылап отырғанын жеткізді. Сонымен қатар зардап шеккен аймақтар дәрі-дәрмекпен, медициналық материалдармен және қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілгенін айтты.

Индонезияда соңғы жылдардағы ең ірі орман өрттері тіркелді

Үкіметтің ресми деректеріне сәйкес, Индонезияда тамыз-қыркүйек айларында болған орман өртімен күресуге 54 394 қызметкер жұмылдырылған.

Индонезияда соңғы жылдардағы ең ауқымды орман өрттерінің салдарынан Оңтүстік-Шығыс Азияның бірқатар елі бірнеше аптадан бері қалың түтіннің астында қалып отыр.

Бақылауға алу қиынға соққан өрттің негізгі себептерінің бірі – ауыл шаруашылығы жерлерін кеңейту мақсатында өсімдіктерді өртеу әдісінің ұзақ жылдар бойы қолданылуы. Бұған қоса жауын-шашын мөлшерін азайтатын Эль-Ниньо климаттық құбылысы жағдайды одан әрі ушықтырып отыр.

Индонезия Орман шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қаңтар-шілде айлары аралығында орман өрттерінен 202 мың гектардан астам аумақ зардап шеккен.

Индонезиядағы Экономика және құқықтық зерттеулер орталығы жүргізген зерттеуге сәйкес, биылғы орман өрттерінің ел экономикасына келтіретін шығыны 1,7 миллиард долларға жетуі мүмкін.

Іздеу
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
“Microsoft 365” қызметіндегі ақау әлі жойылған жоқ
Ресей мен Ауғанстан астық және энергетикалық жабдықтар жеткізу жөнінде келісімге келді
Бейбітшілік келіссөздерінің келесі кезеңі Еуропаның қатысуымен өтпек
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
«АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға қайта шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті»
ЕО: «Біздің қауіпсіздігіміз Украинаның қауіпсіздігіне тікелей байланысты екені анық»
АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілдері Ресей президенті Путинмен кездесті
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті