Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, Индонезия билігі екі шетелдік азаматты қоса алғанда үш адам қаза тапқан жанартау атқылауынан кейін жұма күні альпинистерді құтқару операциясын бастады.
«Detik» басылымының мәліметіне сәйкес, Солтүстік Малуку уәлаятындағы Хальмахера аралы аумағында орналасқан Дуконо жанартауы атқылаған.
Полиция өкілі Эрлихсон Пасарибу басылымға берген сұхбатында: «Үш адам қаза тапты», - деді. Оның айтуынша, көз жұмғандардың екеуі шетел азаматтары.
Сондай-ақ ол шамамен 20 альпинист тауда қалып қойғанын айтты.
Билік альпинистерді құтқару үшін арнайы топ жіберді.
Жанартау бейсенбі күні жергілікті уақытпен шамамен 07:41-де (1041 GMT) атқылаған. Биіктігі шамамен 10 шақырымға жететін күл мен түтін бұлт қаптаған.
Индонезияның Ұлттық апаттарды басқару агенттігі «Дуконо жанартауы аумағында болған оқиға салдарынан екі турист қаза тапты»,- деп мәлімдеді.












