ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
3 ... минут оқылды
Таиланд пен Камбоджа арасындағы қақтығыста қаза тапқандар саны артуда
Таиланд премьер-министрінің орынбасары Камбоджамен туындаған шиеленістің «ауқымды соғысқа» айналуы мүмкін екенін ескертті.
Таиланд пен Камбоджа арасындағы қақтығыста қаза тапқандар саны артуда
/ AP

Таңертең Таиланд пен Камбоджа бір-біріне ауыр артиллериямен шабуыл жасады. Аймақтың және халықаралық қауымдастықтың шұғыл бітім шақыруларына қарамастан қақтығыс жалғасуда. Қазіргі уақытқа дейін кемінде 14 адамның қаза тапқаны хабарланды.

Таиланд армиясы таңертеңнен бері Убонт Ратчатхани мен Сурин уәлаяттарында шайқас жалғасып жатқанын және Камбоджаның артиллериямен қатар Ресейдің «BM-21» реактивті жүйелерін қолданғанын мәлімдеді. Таиланд билігі қақтығыс аймағынан 100 мың адам эвакуацияланғанын хабарлады.

Тайланд армиясы таратқан жазбаша мәлімдемеде «Камбоджа күштері ауыр қару, зеңбірек және «BM-21» реактивті жүйесін қолданып, үздіксіз оқ жаудыруда. Тайланд күштері тактикалық жауап берді»,- делінген.

Тараптар бейсенбі күні даулы шекара аймағында басталған қақтығыстарға бір-бірін кінәлап отыр. Шағын атыспен басталған жанжал қысқа уақыт ішінде кемінде 209 шақырым аумақта орналасқан алты нүктеде ауыр артиллериялық шабуылға ұласты. Бұл  аймақта егемендікке қатысты дау-дамай бір ғасырдан астам уақыт бойы жалғасуда. 

«Reuters» агенттігінің тілшілері таңғы уақытта Сурин уәлаятында жарылыс дыбыстарының естілгенін және жолдар мен жанармай бекеттері маңында қаруланған тай әскері тығыз орналасқанын хабарлады.

Тайландтың брондалған техника мен танк тиеген шамамен он шақты жүк көлігі күріш алқаптарымен қоршалған уәлаят жолын кесіп өтіп, шекара аймағына қарай бет алған.

Қақтығыс бейсенбі күні Таиландтың Комбоджадағы елшісін кері шақырып, Камбоджа өкілін елден шығаруынан кейін басталды. Таиланд бұл әрекетті таяуда қарсылас әскерлер қойып, екінші тай сарбазын бөлшектеп тастаған минаға жауап деп мәлімдеді. Камбоджа болса бұл айыптауларды «негізсіз» деді.

Қаза тапқандар саны артуда

Тайландтың Денсаулық сақтау министрлігі бейсенбі күні түнде жасаған мәлімдемесінде, Тайландтағы адам шығыны он төртке жеткенін хабарлады. Қаза тапқандардың он үші бейбіт тұрғын, біреуі әскер. Сонымен қатар мәлімдемеде 46 адамның жарақат алғаны айтылды. Олардың он төрті әскери қызметкер.

Камбоджа үкіметі әзірге адам шығыны, бейбіт тұрғындарды эвакуациялау туралы нақты мәлімет таратқан жоқ. Үкіметтің баспасөз хатшысы соңғы қақтығыстарға қатысты пікір білдіруден бас тартты. Алайда Камбоджаның Оддар Меанчеей уәлаяты әкімшілігінің өкілі Мэт Меас Пхеакдей бір бейбіт тұрғынның қаза тапқанын, бес адамның жараланғанын және 1 500 отбасының эвакуацияланғанын мәлімдеді.

Таиланд премьер-министрінің орынбасары Таиланд пен Камбоджа арасындағы әскери қақтығыс соғысқа ұласуы мүмкін екенін мәлімдеді

Таиланд премьер-министрінің орынбасары Пхумтам Вэчайячай журналистерге берген мәлімдемесінде Таиланд пен Камбоджа арасындағы әскери қақтығыстың ушығуы соғысқа алып келуі мүмкін екенін ескертті.

Вэчайячай: «Қазір қақтығыстарда ауыр қару-жарақ қолданылып жатыр», – деп мәлімдеді.

Тайланд армиясы Камбоджаның тұрғын үйлерді де нысанаға алғанын мәлімдеді

Тайланд армиясы бүгін жасаған мәлімдемесінде Камбоджаның ұзақ қашықтыққа арналған қару-жарақпен бейбіт тұрғындар тұратын аймақтарды нысанаға алуын қатаң айыптады. Мәлімдемеде «Камбоджа жабайы әрекеттері арқылы көптеген жазықсыз бейбіт тұрғынның қаза табуына және жарақат алуына себеп болды»,- делінген.

Тайландтың әскери өкілі даулы шекара аймағының 12  жерінде қақтығыс болғанын айтып, жанжалдың кеңейіп жатқанына тоқталды. Тайланд Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Сурасант Конгсири баспасөз мәслихатында Камбоджаның ауыр қару қолдануды жалғастырып жатқанын мәлімдеді. Бұған дейін Тайланд армиясы алты жерде қақтығыс тіркелгенін хабарлаған болатын.

Бейсенбі күні Таиландтың алты «F-16» жойғыш ұшағының бірі Камбоджаның әскери нысанасына соққы берді.

Тайландтың одақтасы АҚШ қақтығыстардың дереу тоқтатылуын, бейбіт тұрғындардың қорғалуын және мәселенің бейбіт жолмен шешілуін талап етті.

Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясының (AСEAN) қазіргі төрағасы әрі Малайзия премьер-министрі Энвер Ибрахим бейсенбі түні әлеуметтік желіде екі елдің басшыларымен сөйлескенін және оларды бейбіт жолмен шешуге шақырғанын мәлімдеді.

«Мен Бангкок пен Пномпеннің осы жолды қарастыруға деген оң көзқарасын құптаймын. Малайзия, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясы ортақ жауапкершілікпен бұл үдеріске көмектесуге және жеңілдетуге дайын», - деді Энвар.

Іздеу
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Газадағы атысты тоқтату туралы үндеу тастады
АҚШ пен Иран арасындағы тығырық «Қырғиқабақ соғысқа”  ұқсас бір кезеңге айналып барады
Парсы шығанағы елдерінің басшылары Иран соғысы басталғалы бері Джиддада алғашқы саммитін өткізді
Украина Туапсе мұнай өңдеу зауытына шабуылдады
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір баланы жаралап, тағы бір баланы ұстап алып кетті
Израиль Ливанның оңтүстігінде төрт адамды өлтірді
Ицхак Герцог мінген ұшақ  Қазақстанға  ұзақ айналма бағыт арқылы жетті
АҚШ Иран әуе компанияларына қолдау көрсететін кәсіпорындарға санкция салатынын ескертті
Түркия экспортты арттыру және жаһандық инвестиция тарту үшін ауқымды реформа бастауда
Индонезияның Батыс Ява уәлаятында болған пойыз апатынан 14 адам қаза тапты
Жевдет Йылмаз: «Түркия инвестициялық ортаны күшейтуде»
Еуропа Иран соғысы салдарынан энергияға қосымша 32 млрд доллар жұмсады
Түркия мұсылман қоғамдардың айқындаушы актер болуы керектігін білдірді
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тоқтату үшін Тегеран не ұсынып отыр?
Израиль Ливанның оңтүстігінде 14 адамды өлтірді