ДАИШ-тің 81 тұтқыны қайта қолға түсті
Сирия Ішкі істер министрлігі эш-Шаддади түрмесінен 120 ДАИШ тұтқыны босатылғаннан кейін іздестіру жұмыстарының жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Сирия Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, YPG террористік ұйымы Хасаке провинциясының солтүстік-шығысындағы эш-Шаддади түрмесінен босатқан 120 тұтқынның 81-і қайта ұсталды.
Министрлік сейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде тұтқындар эш-Шаддади елді мекеніндегі түрмеден босатылғаннан кейін Сирия армиясының бөлімшелері мен Ішкі істер министрлігінің арнайы операция күштері қауіпсіздік тексеруін бастағанын атап өтті.
Мәлімдемеде: «Эш-Шаддадидағы түрмеден 120 ДАИШ террористі қашып шыққаннан кейін Сирия армиясы мен Ішкі істер министрлігінің күштері қалаға кіріп, ауқымды іздеу және тексеру операциясын жүргізді», - делінген.
Операция барысында ДАИШ-тің 81 мүшесі ұсталғаны хабарланып, қалған тұтқындардың орналасқан жерін анықтау және оларды ұстау жұмыстары жалғасып жатқаны айтылды: «Қалған ДАИШ террористерін іздеу жұмыстары жалғасуда».
Ішкі істер министрлігінің бұған дейінгі мәлімдемелерінде тұтқындардың түрмеден босатылуына YPG террористік ұйымы жауапты екені хабарланған болатын. Бұл қауіпсіздік операциясы Сирияның солтүстік-шығысындағы ауқымды саяси және әскери өзгерістер аясында жүзеге асырылды.