ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Ердоған Дамаскідегі атыс тоқтату келісімін жоғары бағалады
Президент Ердоған Сирия армиясын түрлі арандатушылықтарға қарамастан, елдің солтүстік-шығысындағы аймақтарды бақылауға алу үшін YPG террористеріне қарсы жүргізген операциясымен құттықтады.
Ердоған Дамаскідегі атыс тоқтату келісімін жоғары бағалады
Ердоған Дамаскідегі атыс тоқтату келісімін жоғары бағалады / AA
 

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның біртұтас және аумақтық тұтастығы сақталған Сирияны аймақтық тұрақтылық пен өркендеу үшін өте маңызды деп санайтынын айтып, Анкараның Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығына қолдауын білдірді.

Дүйсенбі күні өткен апталық министрлер кабинетінің отырысынан кейін Ердоған «Сирия сириялықтардікі», — деп мәлімдеп, бұл елдің құқықтары мен бірлігі қорғалуы тиіс сан алуан халыққа ортақ мекен екенін атап өтті.

Президент сириялық әріптесіне Түркияның террормен күресте Сирияның жанында болуды жалғастыратынын айтқанын жеткізіп, «Біз Сирия халқын тағдыр тәлкегіне тастамаймыз», — деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Сирияда атысты тоқтату келісіміне қол қойылды

Ердоған Сирия үкіметі мен YPG террорлық ұйымы арасындағы соңғы келісімді құптап, былай деді: «Мемлекет ішінде мемлекет құруды көздеген бір топ жалдамалылардан басқа Сирия халқының кешегі келісімге үлкен қуанышпен қарағаны байқалады».

«Аймақта террор дәуірі аяқталды», — деген Ердоған: «Атыс тоқтату нүктесіндегі толық интеграция келісімдері сақталуы тиіс және қате есептерден аулақ болу керек», — деп баса айтты.

Сирия армиясын арандатушылықтарға қарамастан, елдің солтүстік-шығысындағы аймақтарды алу үшін YPG террористеріне қарсы жүргізген операциясы үшін құттықтаған Ердоған мынадай пікір білдірді: «Сирия армиясының бұл маңызды операцияны мұқият басқаруы мақтауға тұрарлық. Арандатушылықтарға қарамастан, Сирия армиясы сәтті сынақтан өтті, өзінікі дұрыс бола тұра, кінәлі болып қалатын әрекеттерден аулақ болды».

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия Сириядағы атысты тоқтату келісімін қолдайды

Сирияның бүкіл халыққа тиесілі екенін баса айтқан Ердоған: «Сирия — арабтар, түрікмендер, күрдтер, алавилер, сүнниттер және дүрзилерді қоса алғанда, барлық түрлі топтарымен Сирия халқына тиесілі», — деді.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»