ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Байрактар: «Аталған ынтымақтастық жаңартылатын энергия қуатын арттырумен қатар, технологиялар трансферіне де үлес қосады» деді.
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды / TRT Global

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар Қытаймен шамамен 15 миллиард долларлық инвестицияны көздейтін ынтымақтастық аясында жалпы қуаты 7 мың мегаватт болатын күн және жел электр станцияларын, жаңа энергия сақтау жүйелерін және қуаты 4 мың мегаватт электр энергиясын тасымалдау инфрақұрылымын жүзеге асыруды көздеп отырғандарын мәлімдеді.

Байрактар «X» әлеуметтік желісіндегі парақшасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы Тараптарының 31-ші конференциясы (COP31) шеңберінде Қытай Халық Республикасының Ұлттық энергетика басқармасымен қол қойылған өзара түсіністік меморандумына қатысты жазба жариялады.

Министр Байрактар өз жазбасында: «COP31 саммитінде Қытай Халық Республикасының Ұлттық энергетика басқармасымен «Жаңартылатын энергия саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумына» қол қойылды. Елімізге шамамен 15 миллиард долларлық ауқымды инвестиция тартуды көздейтін бұл келісім арқылы жалпы қуаты 7 мың мегаватт болатын күн және жел электр станцияларын, жаңа энергия сақтау жүйелерін және қуаты 4 мың мегаватт электр тасымалдау инфрақұрылымын іске қосуды мақсат етіп отырмыз», – деді.

Аталған ынтымақтастықтың жаңартылатын энергия қуатын арттырумен қатар, технологиялар трансферіне де септігін тигізетінін атап өткен Байрактар  «Бұл ынтымақтастық жаңартылатын энергия қуатымызды арттырып қана қоймай, сонымен бірге технологиялар трансферін қамтамасыз ету арқылы жел турбиналары жабдықтарының елімізде өндірілуіне және отандық өнеркәсібіміздің дамуына  зор үлес қосады. «Ұлттық энергетика — 2040» пайымымызға сәйкес, энергиямен жабдықтау қауіпсіздігімізді нығайтатын және жасыл трансформациямызды жеделдететін осы тарихи құжаттың елдеріміз үшін қайырлы болуын тілеймін» деді.

Іздеу
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді
Йемен: «Хоуситтердің Таизге жасаған шабуылдарынан 73 сағатта 33 адам қаза тапты»
Украина мәселесі бойынша Әбу-Дабиде келіссөз басталды
Қытай ІІ дүниежүзілік соғыста қаза тапқан америкалық ұшқыштардың сүйектерін АҚШ-қа тапсырды
Президент Трамп: “Иранға қарсы жаңа операция қажет емес, бірақ біз дайынбыз”
Түркия мен Өзбекстан қоршаған ортаны қорғау саласында өзара түсіністік меморандумына қол қойды
Резаи Трампты Иранның 7 талабын қабылдауға шақырды
Аныткабірде ұлы көшбасшы Ататүрікті еске алу рәсімі өтті
Фон дер Ляйен Түркия, Румыния және Болгария арасындағы ынтымақтастықты құптады
Президент Ердоған «Apple» басшысы Тим Кукты қабылдады
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір мешітке басып кірді
COP31 қатысушылары Ататүрікті бір минут үнсіздікпен еске алды