САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Ердоған Трамппен телефон арқылы сөйлескенде Венесуэла мен Газа мәселелерін көтерді
Екі ел басшысы Түркия-АҚШ қарым-қатынастары, қорғаныс саласындағы ынтымақтастық және аймақтық мәселелерді талқылады.
Ердоған Трамппен телефон арқылы сөйлескенде Венесуэла мен Газа мәселелерін көтерді
Ердоған Трамппен телефон арқылы сөйлескенде Венесуэла мен Газа мәселелерін көтерді / Reuters

Түркия билігі Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған мен Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамптың екіжақты қарым-қатынастарды, аймақтық және жаһандық мәселелерді талқылау үшін телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеді.

Түркия Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасының хабарлауынша, екі ел лидері Түркия мен АҚШ арасындағы екіжақты саяси қатынастарды, қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты, екі ел арасындағы сауда айналымының мақсатты деңгейіне жету үшін басылатын қадамдарды, сондай-ақ Газа мен Венесуэланы қоса алғанда, аймақтық және жаһандық тақырыптарды талқылады.

Ердоған бұған дейін жасаған мәлімдемесінде, келіссөз барысында Анкараның Венесуэлаға қатысты алаңдаушылықтарын жеткізгенін айтқан болатын.

Министрлер кабинетінің отырысынан кейін Ердоған: «АҚШ президенті Трамппен телефон әңгімесінде Түркияның маңызды мәселелерін оған жеткіздік. Венесуэланың тұрақсыздыққа ұрынбауы керектігін ерекше атап өттік», — деді.

Президент Ердоған Түркияның Венесуэла халқына қолдау көрсетуді жалғастыратынын да тілге тиек етті. «Түркия мен түрік халқы гүлдену, бейбітшілік пен даму жолындағы дос Венесуэла халқының жанында болуды жалғастырады», — деді ол.

Ақ Үй тарапынан бұл телефон әңгімесінің егжей-тегжейіне қатысты әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

Іздеу
Болгарияда 25 қазанда президент пен вице-президент сайлауы өтеді
Ресей президенті Владимир Путин Украинамен келісімге келуге дайын екенін мәлімдеді
Президент Трамп алдағы уақытта Иранға қатысты  маңызды өзгеріс болатынын айтты
Түркия бастаған төрт ел  маңызды келісімге қол қойды
Ресей АҚШ-қа дизель отынын жеткізуді ертең бастамақ
Уиткофф Путинге жаңа бейбітшілік жоспарын ұсынбақ
Хоуситтер Адендегі Сауд Арабиясының әскери лагеріне соққы жасалғанын мәлімдеді
Солтүстік Корея мен Ресей білім беру саласында ынтымақтастықты нығайтпақ
НАТО кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қаратеңізге қосымша күштер жібереді
Иран: “Байытылған уран ел аумағынан шығарылмайды”
АҚШ сенаторы Сандерс Израильге әскери көмек көрсетуді тоқтатуға шақырды
Украинаға “Patriot” зымырандарын беру мәселесі шешілмеді
АҚШ қорғаныс министрі Нетаньяхумен кездесті
Франция президенті Парсы шығанағы елдеріне сапарын бастады
Аракчи: «Нетаньяху АҚШ-ты соғысқа итермелеуде»
Палестина балаларды қорғау үшін халықаралық қауымдастықты шұғыл әрекет етуге шақырды
Ираннан Трампқа: «АҚШ-тың аймақта болмысына алаңдаушылық білдіреміз»
Израиль шабуылдарынан бір палестиналық қаза тапты
Хорватия: «Сербия әскери әлеуетін арттырып жатыр»
19 ел Колумбияның Израильдегі елшілігін Иерусалимге көшіруін айыптады