Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі бас хатшысының орынбасары Әли Бакери Иран телеарнасына берген сұхбатында Мекке одағына мүше Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістанның жоғары лауазымды өкілдері Тегеранға баратынын мәлімдеді.
Бакери кездесуге Сауд Арабиясының Қорғаныс министрі ханзада Халид бин Салман, Пәкістан Бас штабының бастығы Асим Мунир және Түркияның жоғары лауазымды өкілі қатысатынын айтты. Оның айтуынша, аталған тұлғалар Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің бас хатшысы Мохсен Резайимен келіссөз жүргізеді.
Түркия атынан Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрахим Калын кездесуге қатысады.





















