ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Ливандағы БҰҰ күштеріне шабуыл жасалды, бітімгер әскер қаза тапты
БҰҰ миссиясы зымыран жарылысы салдарынан бір бітімгер сарбазының қаза тапқанын, ал екіншісінің ауыр жараланғанын хабарлады.
Ливандағы БҰҰ күштеріне шабуыл жасалды, бітімгер әскер қаза тапты
Ливандағы БҰҰ күштеріне шабуыл жасалды, бітімгер әскер қаза тапты / Reuters

БҰҰ миссиясы Ливанның оңтүстігіндегі Адчит әл-Кусайр ауылының маңындағы “UNIFIL” бекетінде оқ-дәрінің жарылуы салдарынан БҰҰ-ның бір бітімгер қызметкері қаза тауып, тағы біреуінің ауыр жараланғанын мәлімдеді.

“UNIFIL” жасаған мәлімдемесінде «Біз оқ-дәрінің қайдан келгенін білмейміз. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу бастадық», — деп атап өтті.

“UNIFIL” Израильмен арадағы бөлу сызығы бойындағы қақтығыстарды бақылау үшін Израиль сарбаздары мен Хезболла жауынгерлері арасындағы қақтығыстардың ошағы болып табылатын Ливанның оңтүстігінде орналасқан. 2026 жылы аяқталуы жоспарланған бұл миссия соңғы жылдары әрі Израильмен, әрі Хезболламен арадағы оқиғалардың ортасында қалды.

6 наурызда Гана қарулы күштері Ливандағы БҰҰ бітімгершілік батальонының штаб-пәтері зымырандық шабуылға ұшырап, екі сарбаздың ауыр жараланғанын жариялады. Израиль армиясы да сол күні танк оғының БҰҰ бекетіне тиіп, ганалық бітімгерлерді жаралағанын мойындады, бірақ өз бөлімшелерінің екі сарбазының жеңіл жаралануына себеп болған Хезболланың танкіге қарсы зымыран оғына жауап бергенін алға тартты.

“UNIFIL” «Біз тағы да барлық тарапты халықаралық құқықтан туындайтын міндеттемелерін орындауға және БҰҰ қызметкерлері мен мүліктерінің қауіпсіздігі мен қорғалуын әрдайым қамтамасыз етуге шақырамыз», — деп мәлімдеме жасады.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті