ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия мен Ұлыбритания жаңа келісімге қол қойды
Құжат Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фидан мен Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Иветт Купер арасында өткен кездесуде бекітілді.
Түркия мен Ұлыбритания жаңа келісімге қол қойды
Түркия мен Ұлыбритания сыртқы істер министрлері 2026 ж 23 сәуір күні Лондонда кездесті. / Anadolu Agency

Түркия Республикасы мен Ұлыбритания екіжақты қатынастарды одан әрі ілгерілету және тығыз диалог арқылы ынтымақтастықты кеңейту үшін жаңа негіз қалыптастыратын “Стратегиялық серіктестік негіздемелік құжатына” қол қойды.

Түркия Сыртқы істер министрлігінің бейсенбі күні X платформасында жариялаған мәлімдемесіне сәйкес, құжат Сыртқы істер министрі Хакан Фидан мен Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Иветт Купердің Лондондағы кездесуінде қол қойылды.

Министрліктің ресми сайтында жарияланған бірлескен мәлімдемеде Негіздемелік құжаттың қауіпсіздіктен климаттың өзгеруіне, гуманитарлық дамудан ғылым мен технологияға дейінгі кең саланы қамтитыны айтылды.

Құжат екі НАТО одақтасы арасындағы қазіргі стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуды және екіжақты әрі көпжақты деңгейлерде тығыз диалог арқылы дамытылатын ынтымақтастық аясын кеңейтуді мақсат етеді.

НАТО мен жаһандық қауіпсіздікке назар аударылды

Мәлімдемеде аталған негіздеменің “Таяу Шығыста қауіпсіздік пен тұрақтылық орнатуға деген берік ұмтылыспен қатар көптеген халықаралық мәселе мен жаһандық сын-қатер бойынша ортақ көзқарас, тарихи достық, тамаша екіжақты қатынастар және НАТО одақтастығы мен стратегиялық серіктестік негізінде байланысқан екі ел арасындағы диалог пен ынтымақтастықты нығайту үшін берік негіз қалыптастыратыны” айтылды.

Сондай-ақ көпполярлы халықаралық тәртіпке қарай үдей түскен өзгерістің Түркия мен Ұлыбритания үшін тәуекелдерді арттырғанына назар аударылды. НАТО-ның Стратегиялық тұжырымдамасы аясында тежеу мен қорғаныстың Еуро-Атлантикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызы сақталып отырғаны атап өтілді.

Мәлімдемеде “Қауіпсіздігіміз бен ұжымдық қорғанысымыздың іргетасы саналатын НАТО саяси және әскери маңызын арттырды”, - делінді.

Қауіпсіздік, экономика және жаһандық сын-қатер бойынша ынтымақтастық

Негіздемелік құжат жаһандық қауіпсіздік, НАТО аясындағы үйлестіру, қорғаныс және өнеркәсіптік ынтымақтастық, терроризммен күрес және гуманитарлық көмек жұмыстарымен бірге Ұлыбритания–Түркия ынтымақтастығын тереңдетуді көздейді. Сонымен қатар климаттың өзгеруі, энергетикалық қауіпсіздік, ғылым, технология және инновация салаларындағы серіктестікті кеңейтуді де қарастырады.

Бірлескен мәлімдемеде Негіздеменің ортақ экономикалық өсімді қолдауға бағытталған “жаңартылған Еркін сауда келісімі” жөніндегі келіссөздерді және “екіжақты сауда мен инвестицияны арттыру ниетін қайта растағаны” айтылды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Сыртқы істер министрі Фидан Ұлыбританияға екі күндік ресми сапармен барады
Іздеу
Оккупацияланған Батыс Шерияда израильдік қоныстанушылардың шабуылдары 63 пайыз артты
Оман жағалауында мұнай танкері шабуылға ұшырады
ЕО мен Ұлыбритания Украинаға қолдауын күшейтуде
Президент Ердоған: "Аймақта тұрақсыздыққа төзбейтінімізді досқа да, дұшпанға да жарияладық"
“Turkcell” роботтандырылған хирургиялық ота сынағын өткізді
Түркия әйелдер арасындағы волейболдан Еуропа чемпионатында Словенияны 3:1 есебімен жеңді
ЕО Украинаға 6,1 млрд еуро көлемінде әскери қолдау көрсетеді
Оман Сыртқы істер министрі Бусаиди ертең Тегеранға барады
Қазақстанда Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды
Израиль күштері Сирияның оңтүстігіне басып кірді
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды
Диего Марадонаның  добы аукционда 3,35 миллион долларға сатылды
АҚШ Иранға қарсы «ауқымды қаржылық шабуыл» басталатынын мәлімдеді
Сирия мен Израиль өкілдері кездесті
Президент Зеленский соғыс кезінде сайлау өткізудің қауіпті екенін ескертті