ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Ирандағы бейбітшілік процесінің кешігуі жаһандық тұрақтылыққа зиян келтіруі мүмкін
Түркия президенті Ұлыбритания премьер-министрі Стармерге Ирандағы ұзақ мерзімді операция ауыр тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін екенін айтты.
Ирандағы бейбітшілік процесінің кешігуі жаһандық тұрақтылыққа зиян келтіруі мүмкін
Ирандағы бейбітшілік процесінің кешігуі жаһандық тұрақтылыққа зиян келтіруі мүмкін / Reuters

Президент Режеп Тайып Ердоған Біріккен Корольдік премьер-министрі Кир Стармермен телефон арқылы сөйлесіп, АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдарынан кейін өршіген шиеленіске қатысты алаңдаушылығын білдірді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Біріккен Корольдік премьер-министрі Кир Стармермен телефон әңгімесібарысында Америка Құрама Штаттары (АҚШ) мен Израильдің Иранға бағытталған соққыларынан кейін ушыққан жағдайға тоқталды.

Түркия Президенті жанындағы Коммуникация басқармасы таратқан мәлімдемеге қарағанда, Ердоған «Түрия Иранға қарсы шабуылдармен басталған процесті жіті қадағалап отыр. Әскери араласудың ұзаққа созылуы аймақтық және жаһандық тұрақтылыққа елеулі зиян келтіруі мүмкін», — деді.

Ердоған сонымен қатар «Диалог алаңын құру үшін әлі де басылуы мүмкін қадамдар бар және біздің бейбітшілікке бағытталған күш-жігеріміз жалғасуда», — деп атап өтті.

Мәлімдемеде айтылғандай, әңгіме барысында Түркия мен Біріккен Корольдік арасындағы екіжақты қарым-қатынастар, сондай-ақ аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды. Ердоған әсіресе қорғаныс өнеркәсібі бастаған барлық салада Біріккен Корольдікпен ынтымақтастықты тереңдетуге деген нық сенімін қайталап, бұл бағыттағы қадамдардың жалғаса беретінін жеткізді.

Іздеу
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
Балтық елдері ортақ резервтік энергия қуатын құру бойынша келісімге келді
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді