САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Рим Папасы Франциск бес апта ауруханада жатқаннан кейін Ватиканға оралды
88 жастағы рухани басшы Ватиканға оралды, бірақ дәрігерлер оның кем дегенде екі ай демалуы қажет екенін және қоғамдық міндеттерін азайтатынын айтып отыр.
Рим Папасы Франциск бес апта ауруханада жатқаннан кейін Ватиканға оралды
/ Getty
24 Наурыз 2025

 

Рим Папасы Франциск жексенбі күні Ватикандағы резиденциясына оралды. Дәрігерлер оның бес апта бойы пневмониядан емделгеннен кейін сауығуы үшін ең жақсы орынның резиденция екенін білдірді.

Католик шіркеуінің 88 жастағы басшысы ауруханадан шығуға денсаулығы жақсарғанын естіп, "өте қуанышты" екенін айтты. Сенбі күні дәрігер Серджио Альфьери Папаның кем дегенде екі ау демалуы керектігін атап көрсетті.

Ватикан оның ауруханадан шықпас бұрын, жергілікті уақыт бойынша түскі сағат 12-де (1100 GMT) аурухана алдында жиналғандарға қол бұлғайтынын хабарлады. Бұл оның 14 ақпаннан бергі алғашқы көпшілік алдында көрінуі болмақ.

Демалыс кезеңі

Сенбі күні Джемелли ауруханасында дәрігерлер Францисктің жағдайы жақсарғанын айтты. Сәрсенбі күні Ватикан оның енді оттегі маскасынсыз тыныс ала алатынын хабарлаған еді.

Бірақ Альфьери: "Қалпына келу процесі оның үйінде жалғасады, өйткені аурухана, бұл таңқаларлық болып көрінсе де, сауығу үшін ең нашар орын, себебі онда қосымша инфекция жұқтыру қаупі жоғары," - деді.

Дәрігер жексенбі күні Ппапа Ватикандағы Әулие Марта үйіне оралады" деп мәлімдеді. Бірақ Францисктің күнделікті міндеттеріне тез арада оралуы мүмкін емес екенін айтты. "Қалпына келу кезеңі – бұл демалыс уақыты. Сондықтан бұл кезеңде ол өзінің күнделікті әдеттегі кездесулерін өткізе алмайды," - деді.

Пасхаға қатысты сұрақтар

Сондықтан Пасхаға дейінгі діни шараларды кім басқаратыны туралы сұрақтар туындауда. Сесебі бұл - христиан күнтізбесіндегі ең қасиетті кезең. Папа қатарынан бес апта бойы жексенбі сайын оқылатын Анжелус дұғаларын да өткізіп жіберді.

Дүйсенбі күні журналистер Францисктің қызметінен кетуі туралы сұрағанда, Ватиканның Мемлекеттік хатшысы Пьетро Паролин: "Жоқ, жоқ, жоқ, мүлдем жоқ," - деп жауап берді.

Әлемдегі католиктер мен басқа да адамдар папаның тезірек сауығуын тілеп дұға етуде. Көптеген адам Джемелли ауруханасының сыртына гүл, шам және хат қалдыруда.

Папаның ауруханадағы емінің ең қауіпті кезеңінде ол бірнеше апта бойы мұрын түтіктері мен оттегі маскасы арқылы тыныс алды.

«Екі рет ол "өте қауіпті" жағдайға тап болды, өміріне қауіп төнді, бірақ есінен таңған жоқ» деді дәрігерлер.  Ол тек бір айлық емнен кейін ғана қауіптен құтылды.

Пневмониядан кейін Францисктің дауысын қалпына келтіру үшін физикалық реабилитация керек. "Екі жақты пневмония кезінде өкпеңіз зақымданып, тыныс алу бұлшықеттеріңіз де әлсірейді," - деді Альфьери. Ол "Дауыс қалыпты жағдайға келуі үшін уақыт қажет." деді.

Папа 14 ақпаннан бері көпшілік алдында көрінбесе де, 16 наурызда Ватикан оның аурухана бөлмесіндегі шіркеуде дұға етіп отырған суретін жариялады. 6 наурыз күні болса папаның әлсіз дауыспен сөйлеп, оған дұға еткендерге алғыс айтқан аудио жазбасы жарияланды.

Іздеу
Швейцарияның батысындағы автобус өртінде алты адам қаза тапты
Түркия мен Катардың Қорғаныс министрлері Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Түркия әуе кеңістігін қорғау үшін “Patriot” жүйесін дайындауда
АҚШ Ауғанстанды «заңсыз қамауға алуды қолдайтын мемлекет» деп жариялады
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі христиан ауылында маронит католик дін қызметкерін өлтірді
36 мыңнан астам америкалық Таяу Шығыстан эвакуацияланды
Ираннан Түркияға бағытталған баллистикалық зымыран атып түсірілді
Президент Ердоған Пезешкианға: «Әуе кеңістігіміздің бұзылуы ақталмайды»
АҚШ 11 дана «MQ-9 Reaper» ұшқышсыз ұшу аппаратынан айырылды
АҚШ Сауд Арабиясындағы елшілік қызметкерлеріне елден кетуді бұйырды
Түркия Солтүстік Кипр Түрік Республикасына алты «F-16» жойғыш ұшағын орналастырды
АҚШ соққы берген кемеде 104 ирандық сарбаз қаза тапты
Израиль Иранмен кемінде бір айға созылатын соғысқа дайындалуда
Әли Хаменейдің ұлы Моджтаба Хаменей Иранның рухани көсемі атанды
Нетаньяху Иранға қарсы соғысты қарқынды түрде  жалғастыратынын мәлімдеді