ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Анкара әуежайы бүгін ашылады
Ауқымды жаңғырту жұмыстарынан кейін “Етимесгут әуежайы” бүгін «Анкара әуежайы» атауымен және «ANK» кодымен ішкі әрі халықаралық рейстерге қызмет көрсету үшін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен ашылады.
Анкара әуежайы бүгін ашылады
"Анкара әуежайын" (ANK) НАТО саммиті кезінде де белсенді пайдаланылу жоспарланған.

Түркия Республикасының Көлік және инфрақұрылым министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, келесі айда өтетін НАТО саммиті кезінде де белсенді пайдаланылуы жоспарланған әуежайдың ашылу салтанаты бүгін сағат 13:00-де өтеді.

Бұрын тек әскери мақсатта пайдаланылған әуежай кең фюзеляжды ұшақтарды қабылдай алатын және әлем көшбасшыларын қарсы алатын халықаралық авиациялық орталыққа айналдырылды. Жоба Мемлекеттік әуежайлар басқармасы (DHMİ) мен Ұлттық қорғаныс министрлігінің Логистика бас басқармасы арасындағы хаттама аясында жүзеге асырылды.

8 айда аяқталған жұмыс

Анкараның авиациялық инфрақұрылымын нығайтуға бағытталған жұмысы жоғары үйлестірудің арқасында небәрі 8 ай ішінде аяқталды. Жоба шеңберінде ұшу-қону жолағы, перрон, қатынау жолдары және технологиялық инфрақұрылым халықаралық стандарттарға сәйкестендірілді.

Ұшу-қону жолағының ұзындығы 2 450 метрден 3 000 метрге дейін ұзартылды, ал ені 60 метрге жетті. Нәтижесінде бұл әуежайда кең фюзеляжды ұшақтардың қауіпсіз қонуы мен ұшып шығуына мүмкіндік жасалды.

Жолақтың екі шетінде жалпы ауданы 15 мың шаршы метр бұрылу алаңдары және 160 мың шаршы метрлік жаңа перрон салынды. Соның арқасында бір мезгілде шамамен 44 ұшақты перронға орналастыру мүмкіндігі пайда болды.

Халықаралық стандарттарға сай заманауи инфрақұрылым

Әуежайдағы қолданыстағы жолдар толық жаңартылып, жаңа параллель және байланыс жолдары салынды. Ұшу-қону жолағының қауіпсіздігін арттыру үшін RESA (Runway End Safety Area) қауіпсіздік аймағы құрылды.

Жарықтандыру жүйелері, ұшу-қону жолағына жақындау шамдары мен навигациялық жабдықтар халықаралық авиация стандарттарына сай жаңартылды. Сонымен қатар механикалық, электрлік және дренаждық инфрақұрылым толықтай жаңғыртылды.

Сондай-ақ, 4 800 шаршы метрде мемлекеттік қонақ үй мен 310 көлікке арналған ашық автотұрақ пайдалануға дайын күйге келтірілді. Барлық операциялық бөлімше бірыңғай цифрлық желіге біріктірілді.

Қала қозғалысын жеңілдететін жаңа жол

Жоба аясында әуежай мен «Ay Yıldız» кешенін тікелей байланыстыратын ұзындығы 12,5 шақырым жаңа жол салынды. Сонымен қатар енді бұл жолдың 3 шақырымдық бөлігінде енді көпір мен жерасты өткел бар.

Ұзындығы 140 метр көпір бір пилонды, қиғаш аспалы және экстрадоздық құрылымымен ерекшеленеді. Сондай-ақ бұл көпір Анкара даңғылы бойында салынған ұзындығы 40 метрлік өткел бағыт бойындағы көлік қозғалысының үздіксіз жүруін қамтамасыз етуге арналған.

Анкара әуежайының іске қосылуы елорданың әуе қозғалысын тиімдірек басқаруға, халықаралық іс-шаралар мен жоғары деңгейдегі ресми бағдарламалар кезінде Есенбоға әуежайына түсетін жүктемені азайтуға және қала ішіндегі көлік қозғалысын жеңілдетуге мүмкіндік бермек.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды