САЯСАТ
3 ... минут оқылды
Трамп Азияға барады
АҚШ президенті Трамп алғашқы ірі Азия сапары барысында аймақтағы одақтастарымен кездесіп, Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен сауда қатынастарын жақсартуды және келіссөз жүргізуді мақсат етіп отыр.
Трамп Азияға барады
Трамптың Қытай басшысы Си Цзиньпинмен жоспарланған кездесуі әлем назарында / AP

АҚШ президенті Дональд Трамп осы апта ауқымды іссапармен Азияға барады. Әлемдік экономика үшін маңызға ие Қытай басшысы Си Цзиньпинмен жоспарланған кездесуі әлем назарында. Трамп сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Малайзия, Жапония және Оңтүстік Кореяны қамтитын ірі сапарға шығатынын айтты. Бұл оның Ақ Үйге қайта оралғаннан бергі тарифтер мен геосаяси шиеленістерден кейінгі алғашқы Азия сапары болмақ.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп таяуда Си Цзиньпинмен кездесуі мүмкін екенін айтты

Сапардың егжей-тегжейі әзірге көпшілікке беймәлім. Ақ Үй бұл туралы ақпарат таратқан жоқ. Трамп Симен Оңтүстік Кореяда өткізуі жоспарланған кездесудің жалғасып жатқан шиеленістерге байланысты «өтпеуі мүмкін» екенін ескертті.

Бұған қарамастан Трамп әлемдегі ең ірі екі экономиканың арасындағы сауда соғысын тоқтатып, Қытаймен келісім жасағысы келетінін ашық айтты.

Қабылдаушы елдер 79 жастағы көшбасшының көңілінен шығу үшін және тарифтер мен қауіпсіздік саласындағы қолдауларға қатысты ең тиімді келісімдерге қол жеткізу үшін қызыл кілем жайып, қарсы алуға дайындалуда.

Малайзия мен Жапония

Трамптың алғашқы аялдамасы 26–28 қазан аралығында Оңтүстік-Шығыс Азия елдері ассоциациясының (ASEAN) саммиті өтетін Малайзия болмақ. Трамп алғашқы президенттік мерзімінде бұл жиынға бірнеше рет қатыспады.

АҚШ басшысы Малайзиямен сауда келісіміне қол қоюы мүмкін. Алайда ең маңыздысы  -  Нобель бейбітшілік сыйлығына үміткер ретінде Таиланд пен Камбоджа арасындағы бейбіт келісімнің қол қойылуына куә болмақ.

Малайзия премьер-министрі Анвар Ибрахим сәрсенбі күні: «Президент Трамп Таиланд пен Камбоджа арасындағы бейбіт келіссөздердің оң нәтижесін көргеніне қуанышты болады», - деп мәлімдеді.

АҚШ президенті саммит аясында Бразилия басшысы Луис Инасиу Лула да Силвамен де кездесіп, бірнеше айға созылған шиеленістерден кейін қатынастарды жақсартуды көздеп отыр.

Сондай-ақ Трамп Жапонияға барады. Мұнда ол елдің тұңғыш әйел премьер-министрі, консерватор Санаэ Такаитимен кездеседі.

Жапония - Трамптың «АҚШ-ты тонап отыр» деп сипаттаған әділетсіз сауда теңсіздігін реттеу үшін әлем елдеріне енгізген ең ауыр тарифтердің біразынан аман қалған санаулы елдердің бірі.

Трамп Жапониядан ресейлік энергия импортына тыйым салуды талап етіп, Токионы қорғаныс шығындарын арттыру жөнінде Батыс одақтастарымен бір бағытта әрекет етуге шақырып отыр.

Си Оңтүстік Кореяда ма?

Сапардың ең маңызды бөлігі Трамптың 29 қазанда Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық саммитіне қатысу үшін Оңтүстік Кореяға баруы және онда Си Цзиньпинмен кездесу ықтималдығы.

Трамп қызметке қайта оралғаннан кейін екі көшбасшы арасында өтетін алғашқы бетпе-бет кездесу ˗ Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда соғысын бәсеңдетуі мүмкін. Алайда Қытайдың сирек кездесетін элементтер экспортына енгізген шектеулері Трамптың ашуын келтірді.

Трамп бұған дейін «кездесу болмайды» деп қоқан-лоққы көрсетіп, жаңа тариф жариялаған болатын, алайда кейін ол кездесуге қатысатынын айтты. Сейсенбі күні ол: «Кездесу өтпеуі де мүмкін»,- деді.

Сәрсенбі күні Трамп Симен барлық мәселе бойынша келісімге келуді үміт ететінін және Қытай басшысының Ресей президенті Владимир Путинді Украинадағы соғысты тоқтатуға көндіруде ықпалы болуы мүмкін екенін атап өтті.

Сарапшылар айтарлықтай ілгерілеу болмайды деп ескертуде.

«Бұл кездесу қарым-қатынастағы бетбұрыстан гөрі, қазіргі үдерістің бір бөлігі ғана болады», - деді «Brookings» институтының аға зерттеушісі Райан Хасс.

Оңтүстік Корея Трампқа елдің ең жоғары марапаты  - «Мугунхва» орденін табыстауды қарастырып жатқаны хабарланды.

Күн тәртібінде Солтүстік Корея да бар. Солтүстік Корея Трамптың сапарына бірнеше күн қалғанда сәрсенбі күні бірнеше баллистикалық зымыран ұшырған болатын.

Трамп бұрын бірнеше рет кездескен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен қайта жүздесуге үмітті екенін айтты. Алайда Ақ Үй бұл жолы жаңа кездесу жоспарланып жатқаны туралы ақпаратты ресми түрде растаған жоқ.

Іздеу
Армения премьер-министрі Пашинян: «Бізге Ресейдің әскери базасы қажет емес»
Түрік әуе жолдары мен «Air China» кодшеринг бойынша ынтымақтастығын арттырды
Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтеді
Аракчи Қытай сапарынан кейін: «Бүгін қабылданған шешімдер стратегиялық тепе-теңдікті айқындайды»
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
"Айдың айналасында соғысқа дайындалуымыз керек"
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
«AKINCI» әуе нысанасын «SUNGUR» зымыранымен жойды
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
АҚШ Өкілдер палатасы Иранға шабуылдарды тоқтатуды көздейтін заң жобасын мақұлдады