САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Трамптың арнайы өкілі: «Путин Украинамен тұрақты бейбітшілік келісіміне ашық»
Дональд Трамптың арнайы өкілі жұма күні Санкт-Петербургте Владимир Путинмен кездесті.
Трамптың арнайы өкілі: «Путин Украинамен тұрақты бейбітшілік келісіміне ашық»
/ AP
15 Сәуір 2025

Бұл Трамп президент болғалы үшінші кездесу. Атысты тоқтату келіссөздері жалғасып жатқанымен, Трамп бұл мәселеде Кремльден нәтиже ала алмады.

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Ресей басшысы Владимир Путиннің Украинамен тұрақты бейбітшілік келісіміне ашық екенін айтты. Бұл мәлімдеме үш жылдан астам уақытқа созылған соғысты тоқтатуға бағытталған келіссөздерден кейін жасалды.

Трамп Мәскеу мен Киевті атысты тоқтату туралы келісімге келуге итермелеуде, бірақ Ресей тарапынан айтарлықтай жеңілдіктерге қол жеткізе алмады. Бұл мәселе бойынша Ресей мен АҚШ шенеуніктері арасында бірнеше рет келіссөз жүргізілгенімен, нақты нәтиже байқалмады.

Жұма күні Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф Санкт-Петербургте Путинмен кездесті. Бұл қаңтар айында Трамп Ақ Үйге қайта оралғаннан бері олардың үшінші кездесуі болды.

Дүйсенбі күні «Fox News» арнасына берген сұқбатында Уиткофф бейбітшілік келісімінің орнығып келе жатқанын айтты және Путиннің екі маңызды кеңесшісі Юрий Ушаков пен Кирилл Дмитриевтің маңызды кездесуге қатысқанын атап өтті.

«Путиннің талабы – тұрақты бейбітшілік орнату. Сондықтан атысты тоқтатудан бөлек, біз осыған қатысты жауап алдық. Бұл деңгейге жету үшін біраз уақыт қажет болды. Менің ойымша біз әлем үшін өте маңызды нәрсенің қарсаңындамыз », – деді Уиткофф.

Сонымен қатар Ресей мен АҚШ арасындағы сауда келісімдері де келіссөздердің бір бөлігі болғанын айтты.

«Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасты аймаққа тұрақтылық әкелетін өте маңызды коммерциялық байланыстар арқылы қайта құруға мүмкіндік бар», – деді ол.

Қарқынды дипломатиялық күш-жігерге қарамастан Трамптың Украинадағы атысты тоқтату жөніндегі басты мақсаты бойынша айтарлықтай ілгерілеу байқалмады. Өткен ай Путин АҚШ пен Украина ұсынған қақтығысты толық және шартсыз тоқтату ұсынысын қабылдамады. Сонымен қатар Кремль Қаратеңіздегі ықтимал атысты тоқтату үшін Батыстың кейбір санкцияларды алып тастауын шарт ретінде қойды.

Іздеу
Түркия Сыртқы істер министрі Ирандағы жағдайға байланысты бірқатар келіссөз өткізді
«Иран әділетсіз әрі заңсыз шабуылға ұшырады»
Түрік әуе компаниялары Таяу Шығысқа барлық рейсті тоқтатты
Иранға бағытталған шабуылдар басталғалы бері  АҚШ-тың 6 сарбазы қаза тапты
Әлем елдері өз азаматтарын Таяу Шығыстан эвакуациялауда
Түркия мен Иран шекарасында шектеу
Израиль Ливанда 31 адамды өлтірді
Иран дағдарысы салдарынан мұнай бағасы артуы мүмкін
Иран Израильді атқылады: Бейт-Шемеште 9 адам қаза тапты
Али Лариджани: «Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізбейді»
Кувейттегі АҚШ әуе базасының маңында әскери ұшақ құлады
Мьянма армиясы 10 мың тұтқынды рақымшылықпен босатты
Президент Ердоған ЕО Комиссиясының төрайымымен АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылын талқылады
АҚШ-Израиль әуе соққылары кезінде Иран астанасындағы Ганди ауруханасы нысанаға алынды
Иранда уақытша Басшылық Кеңесін құрылды