САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Венесуэла БҰҰ-дан АҚШ-тың жасаған шабуылдарын заңсыз деп тануды сұрады
БҰҰ-ға жолданған хатқа сәйкес, Венесуэланың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Қауіпсіздік Кеңесінен АҚШ-тың шабуылдарын тергеп, бұл әрекеттердің заңсыз сипатын анықтауды сұрады.
Венесуэла БҰҰ-дан АҚШ-тың жасаған шабуылдарын заңсыз деп тануды сұрады
Венесуэла БҰҰ-дан АҚШ-тың жасаған шабуылдарын заңсыз деп тануды сұрады / Reuters

«Reuters» агенттігі көрген хатқа сәйкес, Венесуэла Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінен АҚШ-тың Венесуэлла жағалауына жасаған өлімге әкелген шабуылдарын заңсыз деп тануды және Венесуэланың егемендігін қолдайтын мәлімдеме жасауды сұрады.

АҚШ президенті Дональд Трамп Оңтүстік Кариб теңізінде ауқымды әскери күш шоғырландыруға бұйрық берген болатын. АҚШ күштері Трамп әкімшілігі дәлел келтірместен «есірткі тасымалына қатысы бар» деп таныған кемелерге кемінде бес рет соққы жасаған.

Сәрсенбі күні 15 мүшеден тұратын Қауіпсіздік Кеңесіне жолданған хатта Венесуэланың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Самуэль Монкада Вашингтонды «халықаралық су айдынындағы азаматтық кемелерге шабуыл жасап, кемінде 27 адамды өлтірді», - деп айыптады.

Монкада Кеңестен бұл шабуылдарды тексеруді, олардың заңсыз әрекетін анықтауды және Венесуэламен бірге  барлық мемлекеттердің егемендігіне, саяси тәуелсіздігіне және аумақтық тұтастығына сөзсіз құрмет көрсету қағидатын қайта растауды сұрады.

АҚШ-тың вето құқығы

Алайда АҚШ-тың вето құқығы болғандықтан, Қауіпсіздік Кеңесі бұл мәселе бойынша тек отырыс өткізуімен шектелуі мүмкін.

Кеңес өткен апта Венесуэла, Ресей және Қытайдың өтінішімен бұл шиеленісті алғаш рет талқылаған болатын.

Сол отырыста АҚШ өз әрекеттерін БҰҰ Жарғысының 51-бабымен яғни қарулы шабуылға қарсы өзін-өзі қорғау құқығы негізінде ақтаған еді.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Майк Уолтц бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде, президент Трамптың америкалықтардың өміріне қауіп төндіретін әрекеттерге қарсы АҚШ егемендігін қорғау үшін барлау қызметін, Қорғаныс министрлігін және дипломатиялық арналарды пайдаланатынын айтты. Ол сондай-ақ «Fox News» арнасына берген сұхбатында:

«Венесуэла БҰҰ-да қалаған мәселені көтере алады, бірақ БҰҰ Жарғысының 51-бабы БҰҰ-ның бір бөлігі және бұл бап елдерге өздерін қорғауға мүмкіндік береді. Президент Трамптың мақсаты осы», – деді.

Іздеу
Бішкектегі ШЫҰ Іскерлік форумында 150 миллион долларлық келісімге қол қойылды
АҚШ Түркияға реактивті қозғалтқыш сату үдерісін жеделдетуде
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы мен Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы кездесті
Президент Ердоған: "Израильдің арандатушылығына қарамастан, аймақта бейбітшілік орнайды"
Сыртқы істер министрі Фидан ертең Канадаға аттанады
Түркияға қоныс аударғандардың саны 25,2 пайыз өсті
Польша президенті Түркиямен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті
Ресей түнде Украинаның 323 дронын атып түсіргенін хабарлады
Рубио Таяу Шығыс сапарын бастады
Түркия баскетбол құрамасы FIBA рейтингінде Еуропада көш бастап тұр
БҰҰ: «Суданда жыныстық зорлық-зомбылық  соғыс қаруы ретінде қолданылуда»
Оман мен Иран Ормуз бұғазы бойынша жұмыс тобын құрды
ЕО мен Қазақстан арасында маңызды келісімдерге қол қойылды
11 түрік кемесі Ормуз бұғазынан қауіпсіз өтті
Франция Иракты жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты