САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Алжир Біріккен Араб Әмірліктерімен байланыстарын үзді
Алжир Біріккен Араб Әмірліктерімен дипломатиялық қатынастарды тоқтату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.
Алжир Біріккен Араб Әмірліктерімен байланыстарын үзді
Алжир Біріккен Араб Әмірліктерімен байланыстарын үзді

Алжир Сыртқы істер министрлігінің бұл мәлімдемесі елдің ресми жаңалықтар агенттігі “APS-те” жарияланды.

Мәлімдемеде “Екі ел арасындағы қарым-қатынастарды сақтауға бағытталған барлық мүмкіндіктер таусылғаннан кейін бүгінгі күннен бастап Біріккен Араб Әмірліктерімен (БАӘ) дипломатиялық қатынастар үзілді” деп айтылды. Мәлімдемеде келесі сөздерге орын берілді:

«БАӘ-нің өсіп келе жатқан провокациялық және жауластық әрекеттеріне қарсы Алжир үлкен ұстамдылықпен және жоғары жауапкершілік сезімімен әрекет етті. Мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін принциптерге толық құрметпен қарай отырып, БАӘ тарапының назарын аудару және осы өкінішті, негізсіз мінез-құлықтың тудыруы мүмкін ауыр салдары туралы ескерту үшін барлық күш-жігер жұмсалды».

Жасалған көптеген ескертуге қарамастан БАӘ-нің бұл әрекеттерін жалғастырғаны білдірілген мәлімдемеде аталған әрекеттердің «екі егемен мемлекет арасындағы қарым-қатынастар шеңберінде енді қабылдауға, шыдауға немесе жауапсыз қалдыруға болатын шектен шығып кеткені» атап өтілді.

Мәлімдемеде осыған байланысты екіжақты қарым-қатынастарды сақтаудың барлық жолдары таусылғаны және Алжир үкіметінің БАӘ-мен дипломатиялық қатынастарды үзу туралы шешім қабылдағаны айтылды.

Аталған шешімді ресми түрде хабарлау үшін БАӘ-нің Алжирдегі Елшісі бүгін Сыртқы істер министрлігіне шақырылғаны білдірілген мәлімдемеде елшіге осы шешімге сәйкес елден шығып кетуі үшін 48 сағат уақыт берілгені хабарланды.

Алжир 2026 жылдың ақпан айында БАӘ-мен 2013 жылы қол қойылған әуе қатынасы туралы келісімді жою үшін ресми процедураларды бастағанын жариялаған болатын.

БАӘ Алжирдің бұл шешіміне қатысты әлі ешқандай пікір білдірген жоқ.

Алжир президенті Абдельмаджид Теббун өткен жылдың қазан айында өз елінің бір мемлекеттен басқа барлық Парсы шығанағы елдерімен қарым-қатынасы жылы екенін айтқан еді; бұл сөздер БАӘ-ге жасалған жанама меңзеу ретінде бағаланған болатын.

Теббун Сауд Арабиясы, Кувейт, Оман және Катармен қарым-қатынасты «бауырластық» деп сипаттаған еді.

Іздеу
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады
“Израильге кіруіме тыйым салынуы – мен үшін құрмет белгісі”
Түркия хоуситтердің Сауд Арабиясына жасаған шабуылдарын айыптады
Жаңа Зеландия Батыс Шериядағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді