ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
ДДСҰ Газаға көмек операцияларын күшейтті
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Газада атысты тоқтату келісімі күшіне енгеннен кейін бұл аймақтағы гуманитарлық және медициналық операцияларын арттырғанын хабарлады.
ДДСҰ Газаға көмек операцияларын күшейтті
Геноцид барысында Израиль анклавтың басым бөлігін қиратты, халықтың басым бөлігі жер аударды. / AA

ДДСҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус дүйсенбі күні “X” платформасында жариялаған мәлімдемесінде: «Аль-Ахли ауруханасында хирургиялық және шұғыл көмек қызметтерін күшейту үшін 24 сағат ішінде шұғыл медициналық топ жібердік. Адамдардың қайтып оралуымен бірге Газа қаласында қосымша топтарды орналастыру жоспарлануда. Сонымен қатар біз Газаға инсулин, зертханалық материалдар және негізгі дәрі-дәрмектерді қамтитын сегіз жүк көлігін жеткіздік», — деді.

Гебрейесус сондай-ақ ДДСҰ-ның Еуропа Газа ауруханасына онкология аурулары үшін дәрі мен өзге де өмірлік маңызы бар материалдар, сондай-ақ инкубатор, өкпені жасанды желдету құрылғылары және пациент мониторлары секілді жансақтау құрал-жабдықтарын жеткізгенін мәлімдеді. Бұл жабдықтар кейін аймақтағы басқа ауруханаларға таратылмақ.

«Денсаулық сақтау мекемелеріне қолжетімділікті арттыру және біздің операциялық миссияларымызды кеңейту — Газа тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсетудің өмірлік маңызы бар алғашқы қадамдары», -деді ол.

Гебрейесус бұл аптаны «дұрыс бағыттағы маңызды қадам» деп атап, ұйымның өмірді сақтап қалу және негізгі медициналық қызметтерді қайта қалпына келтіру ісінде күш-жігерін арттыруға дайын екенін айтты.

«Газа денсаулық сақтау жүйесі тек қалпына келтіріліп қана қоймай, сонымен бірге халықтың қажеттіліктеріне бейімделген, әділ әрі төзімді жүйе ретінде қайта құрылуы керек. Ең жақсы дәрі — бейбітшілік», - деді ол.

Газаға қатысты атысты тоқтату келісімінің алғашқы кезеңі АҚШ президенті Дональд Трамптың екі жылға созылған Израильдің Газаға қарсы соғысын тоқтату жоспары аясында жұма күні күшіне енді.

Дүйсенбі күні таңертең ХАМАС Газа аймағында ұстаған 20 израильдік тұтқынды босатқаннан кейін Израиль түрмелеріндегі палестиналықтарды босату процесі басталды.

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты