ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Марокко жастарының наразылығы күшейіп, полиция екі адамды өлтірді
Марокко жастары денсаулық сақтау, білім беру және сыбайлас жемқорлықпен күрес салаларын реформалауды талап етуде.
Марокко жастарының наразылығы күшейіп, полиция екі адамды өлтірді
Марокко жастарының наразылығы күшейіп, полиция екі адамды өлтірді / Reuters

Солтүстік Африка елінде наразылықтар жалғасып жатқанда, мемлекеттік БАҚ сәрсенбі күні Мароккода бір топ адамның полиция бөлімшесіне шабуыл жасамақ болғанын, кейін полицейлер оларға оқ атып, екі адамның қаза тапқанын хабарлады.

«Discord» веб-платформасы арқылы ұйымдасқан, кімдер екендігі белгісіз жастар бастаған наразылық бірнеше күннен бері Марокконы дүр сілкіндірді.

Марокко Ішкі істер министрлігі сәрсенбі күнгі мәлімдемесінде денсаулық сақтау және білім беру саласын реформалауды талап еткен шеру кезінде 400-ден астам адамның қамауға алынғанын және шамамен 300 адамның жараланғанын хабарлады.

Үкіметке қарасты «MAP» хабар агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап, Агадир қаласының маңындағы Лклияда бір топ адамның полиция бөлімшесін басып алуға тырысқанын жеткізді.

Билік өкілдерінің айтуынша, шабуылдың мақсаты оқ-дәрілерді, жабдықтар мен қызмет қаруларын қолға түсіру болған және қызметкерлер қорғаныс үшін қару қолдануға мәжбүр болған.

«MAP» агенттігінің ақпаратына сәйкес, полиция алғашқы шабуылды тойтарғанымен топ кескіш құралдармен қайта шабуыл жасаған.
Ресми деректерде: «Бұл шабуыл барысында екі адам қаза тауып, қалғаны жараланды» делінген. Оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сәрсенбі күні Касабланка, Танжер және Тетуан секілді қалаларда жүздеген шеруші жиналды. Сенбі күні басталған шерулер алғаш рет ресми рұқсатпен өткен болатын.

Шерушілер жемқорлықты тоқтатуды, еркіндік, абырой және әлеуметтік әділеттілікті қалайтынын, кейбірі премьер-министр Азиз Ахханнуштың отставкаға кетуін талап етті. Қатысушылардың бір бөлігі бұл көзқарасты қолдамады. Рабатқа жақын Сале қаласындағы «AFP» тілшісінің айтуынша, жүздерін жасырған кейбір адамдар полиция көліктері мен  банк бөлімшесін өртеген.

Іздеу
Непал мен Қытайдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1300-ден асты
ЕО палестиналықтарды Газадан күштеп көшіруге қарсы шықты
Түркия Еуропарламентке наразылық білдірді
Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрахим Калын Афинада грек әріптесімен кездесті
Нетаньяху Иран билігін құлатуды «басты міндет» деп атады
Стамбулда ДАИШ-пен байланысы бар күдікті залалсыздандырылды
Түркияның волейболдан әйелдер ұлттық құрамасы жартылай финалда
Путин Ресей мен Украина арасында келісімге келу мүмкіндігі бар екенін айтты
Пашинян: "Ресей өз әскери базасын Армениядан шығару туралы шешім қабылдаса, біз бұған қарсылық білдірмейміз"
Израиль күштері Батыс Шериядағы  рейд кезінде 50 адамды қамауға алды
Иран күштері: «Кувейт пен БАӘ-дегі АҚШ базаларына соққы жасадық»
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Сирияға қолдауымыз жалғасады»
"Bayraktar AKINCI" нысаналарды дәл көздеп жойды
Ресей ел аумағындағы Гёте институттарының жабылатынын мәлімдеді
АҚШ әскері Тынық мұхитының шығысында есірткі тасымалдады деген күдікпен бір кемені батырды