Әуежайды басқаратын «İGA» компаниясының мәліметінше, Стамбул әуежайы Лондондағы Хитроу әуежайын басып озып, халықаралық рейстер арасындағы байланыс мүмкіндігі бойынша әлемде бірінші орынға шықты.
Марапат Германияның Франкфурт қаласында өткен «Routes World 2026» халықаралық іс-шарасында табысталды. Әуе компаниялары мен әуежайлардың жетекші басшыларын біріктірген жиында сыйлықты «İGA» Стамбул әуежайының авиацияны дамыту жөніндегі директоры Фырат Оджак алды.
«OAG» ұйымы жыл сайын жариялайтын «Megahubs» есебінде әлемнің жетекші әуежайлары халықаралық рейстер арасында ауысып ұшу мүмкіндіктеріне қарай бағаланып, жаһандық және аймақтық деңгейде рейтинг жасалады.



























