САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Ердоған Газаға жасалған шабуылды геноцид деп айыптады
Түркия президенті Нетаньяхудың саясатын Палестина мемлекетінің құрылуына кедергі жасау әрекеті деп атады.
Ердоған  Газаға жасалған шабуылды геноцид деп айыптады
Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Палестина мәселесін шешуге арналған конференцияда сөз сөйледі. / AA
23 Қыркүйек 2025

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Палестина мемлекетін мойындау туралы шешім қабылдаған елдерді жоғары бағалап, мұндай қадамдарды "екі мемлекет шешіміне жету жолындағы маңызды кезеңдер" деп атады.

22 қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ-ның Палестинаға арналған конференциясында сөйлеген сөзінде Ердоған бұл мойындаулардың "екі мемлекет шешімін жүзеге асыруды жеделдететініне" үміт білдірді.

Ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бірнеше мүшесінің Палестинаны мойындау шешімдерін "өте маңызды, тарихи шешім" деп атады.

Ердоған Газа соғысында Израильдің әрекеттерін қатты сынға алды.

"Газадағы қырғын барлық қатыгездігімен жалғасуда және ар-ұжданы бар ешкім мұндай геноцидке үнсіз қала алмайды," - деді ол.

Президент "Бүгінгі таңда Палестина мәселесі жаһандық мәселеге айналғаны да шындық." деді.

Ол Беньямин Нетаньяху үкіметін Палестина мемлекетін құруды мүмкін емес етуге тырысып жатыр деп айыптады.

"Нетаньяху үкіметінің мақсаты – Палестина мемлекетін құруды мүмкін емес ету, палестиналықтарды барынша күштеп көшіру," - деді Ердоған.

Израиль тарихына сілтеме жасай отырып, ол былай деді: "Холокосттан зардап шеккен қоғамнан шыққан Нетаньяху үкіметі қазір мыңдаған жыл бойы жер мен суды бөліскен көршілеріне қарсы геноцид жасап отыр."

Франция мен Сауд Арабиясы бірлесіп ұйымдастырған саммитке Израиль мен АҚШ қарсы шыққанымен бұл шара палестиналықтар үшін маңызды дипломатиялық жетістікке айналды. Саммит барысында Франция Палестина мемлекетін мойындап, басқа елдер де осындай қадам басатынына уәде берді.

“TRT World” тілшісі Баба Умардың БҰҰ-дан хабарлауынша, "Бұл шараға қатысқан басқа әлемдік көшбасшылардың қолдау сөздері халықаралық консенсустың артып келе жатқанын көрсетті."

Шұғыл әрекетке шақыру

Ердоған халықаралық қауымдастықты Израильдің Батыс Шерияда заңсыз қоныс кеңейтуін және Шығыс Иерусалимдегі әрекеттерін тоқтатуға шақырды.

"Израильдің тереңдеп бара жатқан оккупация және аннексия саясатының айқын мақсаты – екі мемлекет шешімі бағытын жою және палестиналықтарды жер аудару; бұған ешқашан жол беруге болмайды," - деді ол.

Ол шұғыл шара қабылдауды талап етті.

"Қазір Газада атысты тоқтату, гуманитарлық көмектің кедергісіз кіруін қамтамасыз ету және Израильдің күштерін шығару қажет," - деді Ердоған.

Іздеу
Ливан  бір күндік ұлттық аза тұту күнін жариялады
«Хезболла» ұйымы Израильдің солтүстігіне зымыран шабуылын жасады
Түрік барлау қызметі аймақтық шиеленісті бәсеңдетуге қалай көмектесуде?
Стамбулдағы полиция бекетіне жасалған террорлық шабуылдан кейін 10 адам ұсталды
Президент Ердоған АҚШ пен Иран арасындағы бітімді құптады,«арандатушылықтардан» сақтандырды
Түркия уақытша бітімді құптайды және оның «толық жүзеге асырылуын» талап етеді
АҚШ пен Иранның келісімінен кейін мұнай бағасы төмендеп, акциялар артты
Трамп Ормуз бұғазының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде АҚШ-тың рөліне назар аударды
Иран: “АҚШ 10 тармақтан тұратын бейбітшілік ұсынысын «принципті түрде» қабылдады”
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісті, келіссөздер Исламабадта өтеді
Түркия мен Пәкістан Сыртқы істер министрлері Ирандағы соғысты талқылады
АҚШ пен Израиль Иранның Харк аралын атқылады
Иранның әуежайлары мен қалаларына әуеден шабуыл жасалды
Стамбулдағы Израиль консулдығы маңында болған қарулы қақтығыста үш террорист залалсыздандырылды
"Пәкістанның Таяу Шығыстағы бейбітшілік келіссөзіндегі рөлі "маңызды" кезеңге жақындап келеді"