ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израиль армиясы Газаны басып алу жоспарының негізгі бағыттарын бекітті
Армияның жоспарды мақұлдағаны туралы хабар ХАМАС делегациясы уақытша бітімге байланысты алдын ала келіссөздер жүргізу мақсатында Мысыр билігімен кездесу үшін Каирге келгенін жариялағаннан кейін бірнеше сағат өткен соң келді.
Израиль армиясы Газаны басып алу жоспарының негізгі бағыттарын бекітті
/ AP

Армияның сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Израиль Қарулы күштері бас штабының бастығы Газаны басып алуға бағытталған жоспардың «негізгі бағыттарын» мақұлдағаны айтылды.

Әскери мәлімдемеге сәйкес, Израиль Қарулы күштері бас штабының бастығы Эяль Замир жоспарды Бас штаб форумы, Израильдің Ішкі қауіпсіздік агенттігі (ISA) өкілдері және басқа да қолбасшылар қатысқан отырыста мақұлдады.

Мәлімдемеде «Кездесу барысында Израиль армиясының бүгінге дейінгі іс-қимылдары бағаланды», – делінген.

Сондай-ақ мәлімдемеде Газаға қатысты жоспардың негізгі бағыттары басшылықтың нұсқауына сәйкес ұсынылып, мақұлданғаны айтылды.

Израильдің қарқынды шабуылдары

Газаның Азаматтық қорғаныс агенттігі соңғы күндері Израильдің Газа қаласына әуе шабуылдары күшейгенін, Зейтун мен Сабра аудандарына өте ауыр әуе шабуылдары жасалғанын мәлімдеді.

Нетаньяху үкіметінің 22 айдан астам уақыт бойы жалғасып келе жатқан қақтығыстардан кейін Газа соғысын кеңейту жоспарына халықаралық қауымдастық пен оппозиция қарсы шықты.

БҰҰ қолдаған сарапшылар Израиль гуманитарлық көмекті шектеген аймақта жаппай ашаршылық болуы мүмкін екенін ескертті. Ал Газадағы Денсаулық сақтау министрлігі Газада бүгінге дейін кемінде 61 599 палестиналықтың қаза тапқанын хабарлады.

Іздеу
Президент Ердоған Катарға барады
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?
2016 жылғы 15 шілдедегі сәтсіз төңкеріс әрекеті барысында әшкереленген "Bylock-тағы" иерархия
Түркиялық теннисші Зейнеп Сөнмез әлемнің ең үздік 50 спортшысының қатарына енді
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Түркия президенті Катарға көңіл айтты
Түркия Сирия Халық мәжілісінің алғашқы отырысының өтуін құптады
Түркия Ұлттық барлау ұйымы Талип Гүлерді қолға түсірді
Түрік ғалымдарының жаңа зерттеуі халықаралық ғылыми әдебиетке енді
ЕО мен Бахрейн стратегиялық серіктестік жөніндегі келіссөздерді бастады
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Ресей: «Украинаның дрон шабуылдарынан 3 адам қаза тапты»
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді