ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Чилиде мыс кенішіндегі апаттан ешкім аман қалмады
Апат “Andesita” жобасы аясында тау-кен жұмыстары салдарынан туындаған 4.2 магнитудалы сейсмикалық қозғалыс нәтижесінде жұмыс істеп жатқан кеніш туннелінің құлауымен болған.
Чилиде мыс кенішіндегі апаттан ешкім аман қалмады
/ AP

Чилидің “El Teniente” кенішінің бір бөлігінің құлауынан қамалып қалған алты кеншінің барлығының қаза тапқаны хабарланды.

Чилилік “El Mercurio On-Line” газетінің жексенбі күнгі хабары бойынша, прокурор Акилес Кубильос: «Бүгін сағат 15:30-да “El Teniente” кенішіндегі соңғы жоғалған жұмысшы табылды» деген мәлімдеме жасады.

Бұл мәлімдеме апаттан ешкімнің аман қалмағанын білдіреді.

Кенішті басқаратын Чилидің Ұлттық мыс корпорациясы “Codelco” апатта қаза тапқандардың отбасыларының «қайғысына ортақ екенін» жеткізді.

Чили мемлекетіне тиесілі “Codelco” компаниясы басқаратын “El Teniente” кеніші 4500 километрден астам туннелімен әлемдегі ең үлкен жерасты мыс қоры болып саналады.

Өткен жылы 356 000 метрлік тонна мыс өндірген бұл кеніш Чилидің жалпы өндірісінің шамамен жеті пайызын құрады.

1945 жылы Чилинің “El Teniente” кенішіндегі апаттан 355 кенші қаза тапқан болатын. Ал 2010 жылы “San Jose” кенішінде 33 жұмысшы 69 күнге қамалып қалған.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды