ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Израиль Рафах өткелінің «шектеулі түрде» қайта ашылуына келісті
Газаға көмек жеткізу үшін өміршең маңызды бұл өткелді қайта ашу мәселесінде АҚШ өкілдерінің Израильге қысым жасағаны хабарланды.
Израиль Рафах өткелінің «шектеулі түрде» қайта ашылуына келісті
Израиль Рафах өткелінің «шектеулі түрде» қайта ашылуына келісті / AA

Израиль қоршаудағы аймақтағы соңғы тұтқынның сүйегі қайтарылғаннан кейін Газа мен Мысыр арасындағы Рафах шекара бекетін «шектеулі түрде қайта ашуға» рұқсат беретінін мәлімдеді.

Бұл мәлімдеме жексенбі күні АҚШ өкілдері Газаға гуманитарлық көмек жеткізу үшін аса маңызды осы өткел нүктесін қайта ашу үшін Израиль билігіне қысым көрсетіп жатқаны туралы ақпараттан соң жасалды.

Рафахты қайта ашу қазан айында АҚШ президенті Дональд Трамп жариялаған Газадағы атыс тоқтату жоспарының бір бөлігі еді, алайда Израиль күштері геноцид кезінде бақылауды қолға алғаннан кейін өткел жабық күйінде қалды.

Беньямин Нетаньяхудың кеңсесі “X” желісінде жасаған мәлімдемесінде өткелдің қайта ашылуы «барлық тірі тұтқындардың қайтарылуына және Хамастың қаза тапқан барлық тұтқындарды тауып, қайтаруға бағытталған 100 пайыздық күш-жігеріне» байланысты болатынын хабарлады.

Кеңсе Израиль армиясының «соңғы тұтқын Ран Гвилидің мәйітін табу және оны қайтаруды қамтамасыз ету үшін жиналған барлық барлау мәліметтерін сараптау мақсатында қазіргі уақытта арнайы операция жүргізіп жатқанын» білдіріп, «Бұл операция аяқталғаннан кейін және АҚШ-пен жасалған уағдаластыққа сәйкес, Израиль Рафах шекара бекетін ашады», — деп атап өтті.

Израильдің келісімді бұзуы

Газа мен Мысырды байланыстыратын Рафах шекара бекеті 10 қазанда күшіне енген атысьы тоқтату келісімінің бірінші кезеңі аясында қазан айында қайта ашылуы тиіс еді, бірақ Израиль бұл келісімді орындамады.

Атысты тоқтату келісімі күшіне енгеннен бері Израиль армиясы жүздеген рет тәртіп бұзды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше Израиль кем дегенде 484 палестиналықты өлтіріп, 1 321 адамды жаралаған.

Іздеу
Түркиялық теннисші Зейнеп Сөнмез әлемнің ең үздік 50 спортшысының қатарына енді
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Түркия президенті Катарға көңіл айтты
Түркия Сирия Халық мәжілісінің алғашқы отырысының өтуін құптады
Түрік ғалымдарының жаңа зерттеуі халықаралық ғылыми әдебиетке енді
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
ИЫҰ-ның әйел мәселесіне жауапты министрлері Пәкістанда басқосты
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады