ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Сирияның Дамаск қаласында көлік жарылды
Қауіпсіздік күштері дәл сол аймақтағы басқа бір көлікке орнатылған бомбаның жарылуын болдырмау үшін дереу іске кірісті.
Сирияның Дамаск қаласында көлік жарылды
Сирияның Дамаск қаласында көлік жарылды

«SANA» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Дамаскідегі Қорғаныс министрлігі ғимараттарының біріне жақын маңда болған жарылыстан сириялық бір сарбаз қаза тауып, бірнеше әскери қызметкер жарақат алған.

Сирия Қорғаныс министрлігінің БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі сейсенбі күні «SANA» агенттігіне жасаған мәлімдемесінде әскери бөлімше Дамаскінің Баб Шарки ауданындағы министрлік ғимараттарының біріне жақын жерде жару үшін дайындалған жарылғыш құрылғы тауып алғанын хабарлады.

Дереккөзге сүйенсек, қауіпсіздік күштері құрылғыны залалсыздандыру және жою үшін шұғыл әрекет еткен, дәл осы маңда басқа бір көлікке қойылған бомбаның жарылуы салдарынан бір сарбаз мерт болып, бірнешеуі жараланған.

Дамаскідегі жедел жәрдем және шұғыл қызметтердің басшысы Наджиб әл-Наасан «Alikhbariah» телеарнасына берген сұхбатында жарылыстан бір адам көз жұмып, 12 адамның жарақат алғанын мәлімдеді.

Әзірге ешбір топ бұл лаңкестік әрекетті өз мойнына алған жоқ.

Іздеу
Ішкі істер министрі Чифтчи 19 мамырдың тарихи маңызына тоқталды
Иран Ормуз бұғазын басқару үшін жаңа орган құрды
Түркия Қырым татарлары мен черкес халқының қасіретін еске алды
Батыс Шерияда палестиналықтарға өлім жазасын қарастыратын заң күшіне енді
Пәкістанда жарылыс болды
Эрджиес шаңғы орталығы биылғы маусымда 3 миллион 300 мың турист қабылдады
Израиль Ирак аумағында екі құпия әскери база құрған
АҚШ өкілі Сирияны бүкіл өңір үшін «үміт» деп атады
Хакан Фидан мен Аббас Аракчи АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келіссөздерді талқылады
Израиль Газада азық-түлік тарату пунктін бомбалап, тағы 4 палестиналықты өлтірді
Халықаралық қылмыстық сот Израильдің бес лауазымды тұлғасына ордер шығарды
Президент Ердоған Халықаралық отбасы күніне орай құттықтау жолдады
Президент Ердоған: “Еуразиядағы бейбітшіліктің кілті: Түркі әлемі”
Хакан Фидан Түркі Мемлекеттері Ұйымы Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысады
Президент Ердоған ұлттық спортшыларды құттықтады