ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Сирия Президенті Израильмен жүргізіліп жатқан келіссөздерде ілгерілеу бар екенін мәлімдеді
Ахмед Шара 1974 жылғы атысты тоқтату  келісімі негізінде Израильмен жүргізіліп жатқан қауіпсіздік келіссөздерінде ілгерілеу бар екенін мәлімдеді. Аталған келіссөздердің аймақтық тұрақтылықты нығайтуға бағытталғаны айтылды.
Сирия Президенті Израильмен жүргізіліп жатқан  келіссөздерде ілгерілеу бар екенін мәлімдеді
/ Reuters

Сирия Президенті Ахмед Шара жексенбі күні БАҚ өкілдерімен кездесуінде, Израильмен ықтимал қауіпсіздік келісімінде ілгерілеу байқалғанына назар аударды. Сирия телеарнасының хабарлауынша, Шара Дамаск пен Тель-Авив арасында ықтимал қауіпсіздік келісімі жөнінде жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп жатқанын атап өтіп, жасалатын кез келген уағдаластықтың 1974 жылғы атысты тоқтату келісіміне негізделетінін жеткізді.

Шара Израильмен бейбітшілік келісіміне қол қою үшін уақыттың қолайлы емес екендігін, алайда Сирия мен аймақ үшін пайдалы болатын ешбір келісімнен бас тартпайтынын мәлімдеді.

Сирия Араб Ақпарат агенттігінің (SANA) мәліметінше, Сирияның Сыртқы істер министрі Асад Хасан Шайбани сейсенбі күні Парижде Израиль делегациясымен кездесу өткізіп, шиеленісті азайту, Сирияның ішкі істеріне араласпау және аймақтық тұрақтылықты қолдайтын уағдаластықтарға қол жеткізу мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ кездесуде Сирияның оңтүстігіндегі Сувейда аймағында атысты тоқтатуды жалғастыру және 1974 жылғы Әскери күштерді айыру туралы келісімді қайта жандандыру мәселелері қарастырылғаны атап өтілді.

1974 жылғы Әскери күштерді айыру туралы келісім

Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, келіссөздер АҚШ-тың араағайындығымен жүргізіліп жатыр және бұл келіссөз Сириядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға, елдің бірлігі мен аумақтық тұтастығын сақтауға бағытталған дипломатиялық күш-жігердің бір бөлігі.

1973 жылдың қазан айында болған Араб-Израиль соғысынан кейін қол қойылған 1974 жылғы Әскери күштерді айыру туралы келісім екі тараптың әскери күштерін ажыратуды және тікелей қақтығыстарды тоқтатуды мақсат етті.

Бұл келісім әскерлердің кері шегінуіне қатысты ережелер енгізіп, Сирия мен Израильдің әскери бекіністерін бөліп тұрған «Альфа» және «Браво» шептері деп аталатын екі негізгі шепті белгіледі.

Осы екі шеп арасында БҰҰ-ның Атысты тоқтатуды бақылау миссиясы (UNDOF) қадағалайтын буферлік аймақ құрылды.

Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді