ТҮРКИЯ
4 ... минут оқылды
Түркия қараша айында Сирияға транзиттік тасымалды бастайды
Сирия және Түркияның ресми өкілдері екіжақты сауданы және өңірлік байланыстарды арттыру мақсатында транзиттік келісімдерге қол қойып, виза рәсімдерін жеңілдетіп, порттар мен шекара жүйелерін жаңғыртты.
Түркия қараша айында Сирияға транзиттік тасымалды бастайды
Түркия қараша айында Сирияға транзиттік тасымалды бастайды / Anadolu Agency

Сирияның Құрлық және теңіз порттары бас басқармасының қоғаммен байланыс директоры Мазен Аллуштың айтуынша, Түркия мен Сирия арасындағы шекара бекеттеріндегі үйлестіру мен интеграция жұмыстары қарқынды жүріп жатыр және транзиттік тасымал туралы келісім осы ай толық күшіне енеді.

Аллуш сейсенбі күні Анадолы агенттігіне берген сұхбатында: «Біз түрік билік өкілдерімен әр апта сайын кездесеміз. Егер қандай да бір мәселе туындаса, бір-бірімізбен байланысып, қолда бар мүмкіндіктермен шешудеміз», - деді.

Аллуш Анкараның Дамаскке көрсетіп келе жатқан қолдауы үшін ризашылығын білдіріп, сауда, көлік және шекара басқару салаларында ынтымақтастық пен үйлестірудің жалғасып жатқанын атап өтті.

Аллуштың айтуынша, тамыз айында Стамбулда қол қойылған транзиттік тасымал туралы келісім аясында шаралар жүзеге аса бастаған, ал қараша айында жүктерді қайта тиеу жүйесі тоқтатылып, толық транзиттік қатынас іске қосылады.

Сириялық жүргізушілердің визасының Алепподағы Түркия консулдығы арқылы 10 күн ішінде берілетінін айтқан ол түрік жүргізушілерінің де визаларын тікелей шекарада ала алатынын хабарлады.

Түрік билігі қос азаматтығы бар сириялықтарға Сирия нөмірлі көліктерімен Түркияға кіруге рұқсат беруге қатысты алдын ала шешім қабылдағанын және бұл тәжірибенің жақында басталатынын да жеткізді.

Сириялық ресми тұлға алдағы уақытта Сирияның көлік флотын жаңарту жоспарланып отырғанын айтып, басты мақсат – сириялық жүргізушілердің Түркия арқылы Ресейге, Грузияға, Украинаға, Еуропа мен Парсы шығанағы елдеріне қайтадан құрлық жолымен жете алуы екенін айтты.

Сонымен қатар Аллуш «Түрік бауырларымыз Сирияға қолдан келген көмекті көрсетіп келеді», - деді.

Ол соңғы күндері Дамаск халықаралық әуежайына жаңа радар жүйелері орнатылып, ұшақтардың түнгі уақытта ұшып-қонуына мүмкіндік туғанын, ал Түркия арқылы өтетін гуманитарлық жүк көліктерінің еш кедергісіз қозғалып жатқанын, Анкараның бұл бағытта елеулі жеңілдіктер жасағанын жеткізді.

Порттарда осы уақытқа дейін 110 мың контейнер өңделген.

Аллуш Сирияның 2024 жылдың 8 желтоқсанда Баас режимі күйрегеннен кейінгі жұмыстарын қорытындылай келе барлық құрлық шекара өткелдері мен порттардың соғыс кезінде қирағанын айтты.

Насиб (Иордания) және жаңадан ашылған Тийяс (Ливан) шекара бекеттері, сондай-ақ Латакия мен Тартус порттарының қайта жұмыс істей бастағанын хабарлады.

Оның айтуынша, бұл өткелдердегі инфрақұрылым мен электрондық жүйелер жаңартылған және үш миллион тоннадан астам отын импортталған. Латакия портына жалпы саны 333 кеме, ал Тартус портына 700-ден астам кеме кіріп-шығып, 8 желтоқсаннан бері порттарда барлығы 110 мың контейнер өңделген.

Сириялық ресми тұлға негізгі экспорт өнімдерінің фосфат пен тірі мал екенін, басқа тауарлардың аз мөлшерде жіберіліп жатқанын айтты. Сондай-ақ ол бұл мәліметтердің қаржылық есепте жарияланатынын және импортқа ешқандай шектеу жоқ екенін, заңды барлық тауарлардың елге әкелінуіне рұқсат берілгенін мәлімдеді.

Порттарда сыбайлас жемқорлық пен контрабандаға қарсы күрес

Аллуштың айтуынша, бұрынғы режим тұсында порттарда сыбайлас жемқорлық, парақорлық және контрабанда кең таралған, алайда бұл жүйе қазір толығымен жойылған.
Қызметтердің барлығы тегін көрсетіледі, ал шенеуніктерге сыйлық немесе пара беруге қатаң тыйым салынған.

Бұрынғы режим кезінде контрабанда үлкен қауіп төндіргенін айтқан Аллуш Насиб шекара бекеті арқылы өтетін есірткі ағынының тоқтатылғанын және бес ірі тасымал әрекетінің алдын алғандарын жеткізді. Аллуш бұрынғы режим кезінде істемей тұрған немесе мүлде болмаған «X-ray» тексеру жүйелерінің жаңғыртылуы жеделдетілгенін айтты. Қазір 20 жаңа «X-ray» құрылғысын іске қосу жоспарланып отыр және барлық шекара бекеттері халықаралық стандарттарға сай технологиямен жабдықталмақ.

Сондай-ақ Түркияға құрлық арқылы өтетін сириялықтар мәселесіне тоқталып, уақытша қорғаудағы сириялықтардың рұқсаттарының Түркия тарапынан уақытша тоқтатылғанын еске салды.

«Бұл - гуманитарлық мәселе. Біз үнемі байланыстамыз және шешуге күш салып жатырмыз», - деді ол.

Аллуш қос азаматтығы бар сириялықтарға қатысты жаңа ережелер енгізілгенін атап өтті. Енді Түркияда немесе басқа елде екінші азаматтығы бар кез келген сириялық өз төлқұжатын пайдаланып, көлігін Сирияға әкеле алады.
Бұл ретте жалғыз талап -  Сирия азаматтығын дәлелдеу. Тіпті мерзімі өтіп кеткен Сирия төлқұжаты да бұл рәсім үшін жарамды деп танылған.

Шекарадан көлік өткізу кезінде бұрын талап етілген 50 доллар көлеміндегі қауіпсіздік кепілдігі 15 долларға дейін төмендетілген. Бұл шешім сириялықтар үшін шекарадан өтуді едәуір жеңілдетеді.

Сөзінің соңында Аллуш: «Біздің шекарамыз халқымызға толық ашық. Біз ескі қақпалардың орнына заманауи халықаралық транзит дәліздерін тұрғызып жатырмыз. Келер жылы Сирияның барлық шекара бекеттері толық жабдықталған, экономикалық тұрғыдан белсенді және бірыңғай стандарт бойынша жұмыс істейтін болады»,- деді.

 

Іздеу
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Газадағы атысты тоқтату туралы үндеу тастады
АҚШ пен Иран арасындағы тығырық «Қырғиқабақ соғысқа”  ұқсас бір кезеңге айналып барады
Парсы шығанағы елдерінің басшылары Иран соғысы басталғалы бері Джиддада алғашқы саммитін өткізді
Украина Туапсе мұнай өңдеу зауытына шабуылдады
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір баланы жаралап, тағы бір баланы ұстап алып кетті
Израиль Ливанның оңтүстігінде төрт адамды өлтірді
Ицхак Герцог мінген ұшақ  Қазақстанға  ұзақ айналма бағыт арқылы жетті
АҚШ Иран әуе компанияларына қолдау көрсететін кәсіпорындарға санкция салатынын ескертті
Түркия экспортты арттыру және жаһандық инвестиция тарту үшін ауқымды реформа бастауда
Индонезияның Батыс Ява уәлаятында болған пойыз апатынан 14 адам қаза тапты
Жевдет Йылмаз: «Түркия инвестициялық ортаны күшейтуде»
Еуропа Иран соғысы салдарынан энергияға қосымша 32 млрд доллар жұмсады
Түркия мұсылман қоғамдардың айқындаушы актер болуы керектігін білдірді
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тоқтату үшін Тегеран не ұсынып отыр?
Израиль Ливанның оңтүстігінде 14 адамды өлтірді