ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Әзербайжан мен Ресей арасында дипломатиялық шиеленіс
Баку екі Әзербайжан азаматының қамауда қайтыс болуына байланысты Ресей полициясын айыптаса, ал Мәскеу «Sputnik» қызметкерлерін босатуды талап етуде.
Әзербайжан мен Ресей арасында дипломатиялық шиеленіс
/ Reuters

Екатеринбург қаласында қамауда отырған екі Әзербайжан азаматының өліміне себеп болған полиция рейдінен кейін Әзербайжан мен Ресей арасында дипломатиялық шиеленіс туындады.  

Ресей Сыртқы істер министрлігі Бакудің «достыққа жат әрекеттері» мен екіжақты қарым-қатынастарды әлсіретуге бағытталған «қасақана қадамдары» үшін Әзербайжанның Ресейдегі елшісі Рахман Мустафаевты шақырып, қатаң наразылық  білдіргенін хабарлады.

Кездесу барысында Мустафаевқа бір күн бұрын Бакуде тұтқындалған Ресейдің ақпарат агенттігі «Sputnik»-тің екі қызметкерін босатуды талап ететін нота табысталды.

Әзербайжан Ішкі істер министрлігі дүйсенбі күні Бакудегі «Sputnik» агенттігінің Әзербайжан кеңсесінде арнайы операция жүргізілгенін растады. Қамауға алынғандар арасында агенттік басшысы Игорь Картавых пен бас редактор Евгений Белоусов бар.

Бұл шара жұма күні Екатеринбургте екі Әзербайжан азаматының қамауда қайтыс болуына себеп болған полиция операциясынан кейін жасалды.
Баку бұл оқиғаға толық тергеу жүргізуді және кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етті.

Оған жауап ретінде Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі Ресейдің уақытша сенімді өкілін шақырып, ресейлік құқық қорғау органдарының Әзербайжан азаматтарын азаптап қорлағанына байланысты дипломатиялық нота ұсынды.

Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айхан Хаджызаде: «Бұл нотада Ресей полициясының әрекеттері заң нормаларына және халықаралық деңгейде мойындалған адам құқықтарына қайшы келеді деп бағаланды. Нотада бұл әрекеттердің Әзербайжанда наразылық туғызғаны атап өтілді»,- деді.

Ол сондай-ақ жедел әрі ашық тергеу жүргізіліп, жауаптылардың сот алдында жауап беруі тиіс екенін айтты.

Сонымен қатар Әзербайжан елшісі «Sputnik»-тің Әзербайжандағы кеңсесіне жүргізілген құқық қорғау органдарының операциясы ішкі заңнамаға және халықаралық міндеттемелерге толық сәйкес жүзеге асқанын атап өтті.

Әзербайжан Бас прокуратурасы бұл оқиға бойынша іс қозғалғанын хабарлады.

Хаджызаде нотада Әзербайжанның ішкі істеріне араласуға жол берілмейтіні туралы ескерту жасалғанын және Ресей билігі екіжақты қарым-қатынастарға зиян келтіретін заңсыз әрекеттерге барғаны үшін айыпталғанын мәлімдеді.

Іздеу
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды
Министр Фидан: «Сириямен болашағымыз ортақ»
Президент Ердоған “Терроризмнен азат Түркия” жобасына қатысты мәлімдеме жасады
Ливанның оңтүстігінде болған жарылыстан екі израильдік сарбаз қаза тапты
Трамп елге заңсыз мигранттардың кіруін тоқтатқандарын алға тартты
Израильдік заңсыз қоныстанушылар палестиналықтардың үйлерін өртеп, 6 адамды жаралады
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
«Wildberries» қоймасы қайта зақымданды
Трамп «АҚШ-та оқ-дәрі қоры азайды» деген ақпаратты жоққа шығарды
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»