ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Иран: «Ормуз бұғазының батысында “MQ-1” типіндегі ҰАА атып түсірдік»
Иран Төңкеріс сақшылары кеше таңертең де Ормуз бұғазы үстінде осындай ҰАА-ның атып түсірілгенін хабарлаған болатын.
Иран: «Ормуз бұғазының батысында “MQ-1” типіндегі ҰАА атып түсірдік»
Иран: «Ормуз бұғазының батысында “MQ-1” типіндегі ҰАА атып түсірдік»

Иран Төңкеріс сақшылары корпусы Ормуз бұғазының батысында АҚШ-та жасалған MQ-1 типіндегі ұшқышсыз әуе аппаратын (ҰАА) атып түсіргенін хабарлады.

Иранның ресми “IRNA” ақпарат агенттігі Төңкеріс сақшылары корпусы тарапынан жасалған жазбаша мәлімдемені жариялады.

Мәлімдемеде Ормуз бұғазының батысында “MQ-1” типіндегі ҰАА-ның Иран әуе қорғанысы жүйесі арқылы анықталып, соққы берілгені атап өтілді.

Революция сақшылары кеше таңертең де Ормуз бұғазы үстінде осындай ҰАА-ның атып түсірілгенін хабарлаған еді.

АҚШ 1990 жылдары шығарған “MQ-1” типіндегі ҰАА алғашында бақылау және барлау мақсатында пайдаланылу үшін жоспарланған болатын. Кейіннен бұл ҰАА-ларға жаңа камералар мен ракеталар қондырылды.

Іздеу
Израиль баспасөзі: "Президент Ердоған Түркияны Таяу Шығыста күрделі актерге айналдырды"
Сирия-Түркия қарым-қатынастары соңғы 2 жылда үлкен серпін алды
Ресей: "Украинаның батыс аймақтарындағы теміржол инфрақұрылымына шабуылдарды жалғастырдық"
Түркі мемлекеттері арасында «TÜRKPOL» құрылады
Сабаленка мен Рыбакина “US OPEN”чемпионатының финалына шықты
Путин БРИКС саммитіне қатысу үшін Үндістанға барды
Грек баспасөзі: «Түркияның ірі держава ретіндегі күшін елемеуге болмайды»
Түркия мен Ирак Анкарада қауіпсіздік және экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
ЖИ қауіпті қаруға айнала ма? “Anthropic” жаңа қатерлерді анықтады
Ширек ғасырлық жара: 11 қыркүйек қасіретіне 25 жыл
Польша Украинамен шекарадағы қауіптің алдын алды
Түркия «PISA»-да алғашқы бестікке енуді көздейді
Ресей мен Украина арасындағы соғыс қарқын алуда
Түркия мен Италия ынтымақтастықты нығайтады
Сирия АЭХА шешімін құптады