ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
АҚШ-та жеке ұшақ құлап, 9 адам қаза тапты
АҚШ Көлік министрі Шон Даффи Флорида штатындағы елді мекенге құлаған жеке ұшақтың бортындағы 9 адамның барлығы қаза тапқанын хабарлады.
АҚШ-та жеке ұшақ құлап, 9 адам қаза тапты
АҚШ Көлік министрі Шон Даффи (Мұрағаттық сурет).

АҚШ Көлік министрі Шон Даффи Флорида штатындағы елді мекенге құлаған жеке ұшақтың бортындағы 9 адамның барлығы қаза тапқанын хабарлады.

Шон Даффи әлеуметтік желідегі парақшасында Флорида штатының Палм-Бич аймағында «Learjet 60» үлгісіндегі жеке ұшақтың құлауына қатысты мәлімдеме жасады.

Даффи Техас штатының Остин қаласынан Багам аралдарына бет алған ұшақтағы 9 адамның барлығы қаза тапқанын айтып, оқиға орнына арнайы топ жіберілгенін хабарлады.

Флорида губернаторы Рон Десантис ұшақ апаты салдарынан жергілікті инфрақұрылымға айтарлықтай зақым келгенін және кейбір жолдардың ұзақ уақытқа жабылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

“CNN” хабарлауынша, әуе қозғалысын басқару қызметімен жүргізілген радиобайланысты тіркейтін интернет сайттың деректеріне сәйкес, апаттан бірнеше минут бұрын ұшқыш ұшақтың мұз басып жатқанын, сырттағы ауа температурасы Цельсий бойынша минус 47 градусқа дейін төмендегенін және орташа деңгейдегі турбуленттілік салдарынан ұшақтың қатты шайқалғанын хабарлаған.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода ұшақтың жерге соғылып, үлкен жалын шарпығаны көрінеді.

Іздеу
Президент Ердоған АҚШ президенті Трамппен телефон арқылы сөйлесті
Президент Ердоған Қазақстан президенті Тоқаевпен кездесу өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға келеді
БҰҰ Угандадағы азық-түлік тапшылығы туралы ескертті
Мьянмада еліне оралған жүздеген азаматтың ұсталғаны хабарланды
Ресей Украинаның Херсон бағытында уақытша атысты тоқтату режимін енгізді
Президент Ердоған үкімет отырысынан кейін халыққа үндеу жасады
Түркия, Сауд Арабиясы, Пәкістан және Иран аймақтық қауіпсіздік мәселесін талқылады
Түркия жандармериясы Испаниядан 101 медальмен оралды
Нигериядағы қарулы шабуылдан 48 адам қаза тапты
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістанның жоғары лауазымды өкілдері Иранға барады
Түркі Мемлекеттері Ұйымының саммитінде ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланады
Тегеранда төрт елдің жоғары лауазымды өкілдері кездеседі
Воронеж облысында екі адам қаза тапты
Израильдің Газаға шабуылдары жалғасуда