МӘДЕНИЕТ
2 ... минут оқылды
АҚШ-тан Түркияға қайтарылған 100 тарихи-мәдени құндылық Стамбулда таныстырылды
Қайтарылған жәдігерлер арасында Хорозтепеден табылған қола дәуірінің бұйымдары, Дүверден шыққан күйдірілген саздан жасалған сәулеттік панельдер, Афродисиас ежелгі қаласынан табылған портрет, театр маскалары мен әйел құдайлардың мүсіндері бар.
АҚШ-тан Түркияға қайтарылған 100 тарихи-мәдени құндылық Стамбулда таныстырылды
АҚШ-тан Түркияға қайтарылған 100 тарихи-мәдени құндылық Стамбулда таныстырылды

АҚШ-тан қайтарылған 100 тарихи жәдігер Стамбулдың археология музейлерінде көпшілікке таныстырылды. Іс-шараға Түркияның Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой мен Манхэттен округі прокурорының орынбасары Мэттью Богданос қатысты.

Іс-шара аясында Түркияның мәдени мұралардың заңсыз айналымына қарсы күресін көрсететін «Қашып құтылу мүмкін емес: Бубон» атты көрменің ашылуы да өтті.

Елге қайтарылған жәдігерлер қатарында Токат аймағындағы Хорозтепеден табылған, біздің заманымызға дейінгі 2300–2000 жылдарға жататын 40 бұйым, Бурдурдағы Дүверден шыққан, б.з.д. 700–480 жылдарға тиесілі күйдірілген саздан жасалған 44 сәулеттік панель бар. Сонымен қатар Афродисиас ежелгі қаласынан табылған портрет, театр маскалары мен әйел құдайлардың мүсіндері де ұсынылды.

Министр Мехмет Нури Эрсой тарихи жәдігерлерді іздестіру және елге қайтару ісінде ғылыми зерттеулердің, мұрағат құжаттарының және халықаралық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Сондай-ақ ол жәдігерлердің қайдан шыққанын анықтауға үлес қосқан зерттеушілерге, журналистерге және қоғам өкілдеріне алғыс білдірді.

Көрмеде Бурдурдағы ежелгі Бубон қаласынан табылған қола мүсіндерге ерекше назар аударылды.

1960 жылдары заңсыз қазба жұмыстары кезінде табылған бұл мүсіндер бөлшектеліп, түрлі елдердегі жеке коллекцияларға таратылған.

Профессор Жале Инанның жетекшілігімен жүргізілген зерттеулер мен археологиялық-ғылыми сараптамалар жәдігерлердің шыққан жерін анықтап, оларды Түркияға қайтаруға мүмкіндік берді.

Министр Эрсой 2023 жылы қайта басталған Бубондағы археологиялық қазба жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Ал Мэттью Богданостың айтуынша, Нью-Йорктегі тарихи жәдігерлердің заңсыз айналымына қарсы күрес бөлімі осы уақытқа дейін заңсыз айналымдағы 6 мың 452 тарихи құндылықты тәркілеген. Оның 276-сы Түркиядан шығарылған жәдігерлер.

Богданос мәдени мұраны қорғау үшін халықаралық ынтымақтастықпен қатар, музейлердің, аукциондардың, галереялардың және жеке коллекционерлердің де жәдігерлердің шығу тегін тексеруге жауапкершілікпен қарауы қажет екенін атап өтті.

Мехмет Нури Эрсой мен Мэттью Богданос ұрланған тарихи жәдігерлерді өз еліне қайтару адамзаттың ортақ мәдени мұрасын сақтаудың маңызды шарты екенін айтты.

Іздеу
Президент Ердоған Сеулге барды
АҚШ-та жеке ұшақ құлап, 9 адам қаза тапты
Ресей мен Украина арасындағы соғыс Қаратеңізде 120 мың дельфиннің жойылуына себеп болды
Карни Трамппен сөйлесті
Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті ТМҰ саммитінде сөз сөйледі
Президент Ердоған: “ХХІ ғасыр түркі әлемінің ғасыры болатынына сенемін”
“Binance” платформасы ауқымды кибершабуылға ұшырады
Түркі әлемінің бірлігі Анкарадағы саммитте жаңа серпін алды
Түркия түркі әлемімен ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті
Түркия Республика күнін тойлауда
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Республика күнімен құттықтады
Президент Ердоған Республика күнімен құттықтады
Президент Ердоған АҚШ президенті Трамппен телефон арқылы сөйлесті
Президент Ердоған Қазақстан президенті Тоқаевпен кездесу өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға келеді