ТҮРКИЯ
3 ... минут оқылды
Президент Ердоған мен Стармер «Eurofighter Typhoon» ұшақтарына қатысты келісімге қол қойды
«Eurofighter Typhoon» жойғыш ұшақтары қазіргі таңда Еуропада Ұлыбритания, Германия, Италия, Испания және Австрияда, ал Таяу Шығыста Сауд Арабиясы, Оман, Кувейт және Катар сияқты төрт Парсы шығанағы елінде қолданылуда.
Президент Ердоған мен Стармер «Eurofighter Typhoon» ұшақтарына қатысты келісімге қол қойды
Президент Ердоған мен Стармер «Eurofighter Typhoon» ұшақтарына қатысты келісімге қол қойды / Reuters

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер «Eurofighter Typhoon» жойғыш ұшақтарына қатысты екіжақты келісімге қол қойды. Ердоған дүйсенбі күні Анкарада Президент кешенінде Стармермен бірге келісімге қол қойғаннан кейін «Біз мұны екі жақын одақтас арасындағы стратегиялық қатынастардың жаңа нышаны деп санаймыз», – деді.

Президент Ердоған «Eurofighter» келісімі Ұлыбританиямен ортақ қорғаныс жобаларының жаңа кезеңіне жол ашатынына сенім білдірді. Ол сондай-ақ Түркия мен Ұлыбритания арасындағы сауда айналымын 40 миллиард долларға дейін арттыруды және экономикалық байланыстарды нығайтуды мақсат етіп отырғанын атап өтті.

Ердоған сөзінде: «Біз Ұлыбританиямен сауда көлемімізді алдымен 30 миллиард долларға, кейін 40 миллиард долларға дейін жеткізуге ниеттіміз. Экономикалық байланыстарымызды күшейткіміз келеді. «Eurofighter» консорциумы аясында атқарылған жұмыстары үшін премьер-министр Стармер мен делегациясына ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ консорциумға мүше өзге де одақтас елдердің көшбасшыларына сындарлы ұстанымдары үшін алғыс айтамын», – деп қосты.

Тарихи келісім

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер келісімнің шамамен 11 миллиард долларды құрайтынын айтты.

«Бұл шынымен де маңызды келісім, себебі ол 10,7 миллиард долларлық тапсырысты қамтиды.  Бұл алдағы он жылға созылатын өндіріс демек», – деді Стармер. Ол Түркия мен Ұлыбритания арасындағы «Eurofighter Typhoon» жойғыш ұшақтарына қатысты келісімді «НАТО қауіпсіздігі үшін үлкен жетістік» деп атады.

Ортақ баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген Стармер: «Бұл келісім НАТО көлемінде қауіпсіздікті арттырып, екіжақты қорғаныс ынтымақтастығын тереңдетеді. Сонымен қатар Түркияда да, Ұлыбританияда да экономикалық өсімді қолдап, 20 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Бұл заманауи соғыс ұшақтарын өндіруді қамтамасыз ететін стратегиялық серпіліс», – деді.

Стармер бұл сәтті «екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тереңдігі мен кеңдігін бейнелейтін тарихи кезең» деп сипаттады.

Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі келісімнің 20 «Eurofighter Typhoon» ұшағына арналғанын растады.

Премьер-министрмен бірге Анкараға келген Қорғаныс министрі Джон Хили болса: «Түркия - маңызды НАТО одақтасы әрі Қаратеңіздің күзетшісі. Оларды жаңа буын «Typhoon» жойғыш ұшақтарымен жабдықтау арқылы бұл келісім НАТО-ның тежеу қабілетін күшейтіп, барлығымыздың қауіпсіздігімізді арттырады», – деп мәлімдеді.

Ұлыбритания үкіметі бұл келісімді «ең ірі жойғыш ұшақ экспорты келісімі» деп атады. Келісімнің жүзеге асуы - Эдинбург, Уортона, Сэмлсбери және Бристольдегі өндіріс желілерінде 20 мың британдықты жұмыспен қамтамасыз ететінін хабарланды.

Жалғыз ұшақ емес

Өткен апта «Airbus Defence and Space» компаниясының бас директоры Майкл Шёллхорн «Eurofighter» келісімі туралы мәлімдеме жасап, бұл жоба өндіріс көлемін ұлғайта отырып және жаңа технологиялармен жетілдірілген үлгілерді әзірлеу арқылы Түркиямен ұзақ мерзімді әріптестік орнатуға жол ашатынын айтты.

НАТО-ның екінші ең қуатты әскери күші саналатын Түркия, Ұлыбритания, Германия, Италия және Испания бірлесіп жасаған көпмақсатты соғыс ұшағы «Eurofighter Typhoon» арқылы отандық жойғыш ұшақтар өндіріске шыққанға дейін әуе күштерінің ұшақ түрлерін әртараптандыруды көздеп отыр.

Қазіргі уақытта «Eurofighter Typhoon» жойғыштары Еуропада Ұлыбритания, Германия, Италия, Испания және Австрияның, ал Таяу Шығыста Сауд Арабиясы, Оман, Кувейт және Катардың Әуе күштерінде пайдаланылып келеді.

 

Іздеу
Сауд Арабиясы қажылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дрон мен жасанды интеллектіні қолдануда
"NASA" Марстың сирек кездесетін суреттерін жариялады
Емине Ердоған: «Түрік асханасы – ең бірегей мәдени елшіміз»
АҚШ Украинаға 108,1 миллион долларлық “Hawk” зымыран жүйесінің жабдықтарын сатпақ
Эверест шыңын бір күнде 274 альпинист бағындырды
Газада қаза тапқандар саны 72 мыңнан асты
Қазақстанда І Баку Түркология құрылтайының 100 жылдығына арналған симпозиум басталды
Иран футбол құрамасы АҚШ визасына өтініш берді
Сот РХП құрылтайын жарамсыз деп танып, Кылычдароғлу әкімшілігі партия басшылығына қайта оралды
Израиль депортациялаған белсенділер Түркия арқылы елдеріне оралуда
Президент Ердоған «EFES-2026» әскери оқу-жаттығуына қатысты
Зеленский Ресейдегі Сызран мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасалғанын мәлімдеді
«Жаһандық Сумуд» флотындағы белсенділер бүгін Түркияға жеткізіледі
"Meta" қызметкерлерінің 10 пайызын жұмыстан шығарды
Анкарадағы НАТО саммиті қарсаңында маңызды кездесу өткізілді