САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Солтүстік Корея Ресейдегі зауыттарға мыңдаған жұмысшы жіберген
Ресейде 15-30 мың арасында солтүстік кореялықтың жұмыс істейтіні, олардың әрқайсысы жылына орта есеппен 7 500 доллар табыс табатыны, ал оның 90 пайызын Пхеньян билігі тартып алатыны алға тартылды.
Солтүстік Корея Ресейдегі зауыттарға мыңдаған жұмысшы жіберген
Солтүстік Корея Ресейдегі зауыттарға мыңдаған жұмысшы жіберген

Солтүстік Кореяның соғыс себебінен жұмыс күші тапшылығын бастан кешіріп отырған Ресейге мыңдаған жұмысшы жібергені және олардың бір бөлігі Украина шабуылдарының нысанасына айналған нысандарда еңбек етіп жатқаны мәлімделді.

“Wall Street Journal” газетінің хабарында Солтүстік Кореяның соңғы жылдары нығайған қарым-қатынастар шеңберінде Ресейге әскер мен әскери техника жібергені туралы айыптаулардан кейін соғыс салдарынан жұмыс күші тапшылығын тартып отырған бұл елге жұмысшы да жолдағаны алға тартылды.

Хабарда Ресейдің ең ірі электронды коммерция компанияларының бірі “Wildberries-ке” тиесілі 20-ға жуық қойманың жаз бойы Украина шабуылдарының нысанасына айналғаны айтылып, бұл компанияның соққыға жығылған нысандарының кейбірінде солтүстік кореялық әйелдердің жұмыс істегені хабарланды.

Хабарда Солтүстік Кореяға қарсы санкциялардың бұзылуын бақылайтын Көпжақты санкцияларды мониторингтеу тобының (MSMT) есебіне де орын берілді.

Есепте кейбір солтүстік кореялық жұмысшылардың Ресейдегі ұшқышсыз ұшу аппараттары (ҰҰА) зауыттарында еңбек етіп, соғысқа қатысты өндіріске тікелей үлес қосып жатқаны айтылды.

Ресейде 15-30 мың арасында солтүстік кореялықтың жұмыс істейтіні және жан басына шаққанда жылына орта есеппен 7 500 доллар табыс табатыны болжанған. Айтылғанға қарағанда, Пхеньян билігі бұл қызметкерлер тапқан табыстың 90 пайызға жуығын тартып алады.

Сондай-ақ есепте шетелде жұмыс істейтін солтүстік кореялық жұмысшылардың өткен жылы Пхеньян билігіне 800 миллион долларға дейін кіріс келтіргені, бұл қаражаттың елдің ядролық бағдарламаларын қаржыландыруға жұмсалғаны алға тартылды.

Іздеу
Хоуситтердің Маашик президент сарайына жасаған шабуылынан 5 адам қаза тапты
Трамп: «Путинмен жұмыс істеу оңайырақ»
CICA Саммитінде көптеген ел өкілі Израиль президенті сөз сөйлегенде залдан шығып кетті
БҰҰ-дан Израильдің Газа секторында заңбұзушылықтарын жалғастырып жатқаны туралы ескерту
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Си Цзиньпин: "Африканың ресурстары Африкаға тиесілі" деді
Француз Мәжілісі жыныстық зомбылыққа қарсы күреске бағытталған заң жобасын қабылдады
Иран: "Оманмен Ормуз бұғазы үшін қажетті келісімге келдік"
Президент Ердоған Косово президенті болып сайланған Широка Пуланы құттықтады
Чехия  Ресейдің НАТО-ға қарсы әрекеттері күшеюі мүмкін екенін ескертті
Туфан Ерхүрман Никос Христодулидиспен кездеседі
Зеленский Ресейді айыптады
Трамп Қытай мен Ресейдің Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін мәлімдеді
«Отпен ойнамаңыздар, біздің қарулы күштеріміз кез келген шабуылға жауап беруге дайын»
Ресей: "Біз бітім емес, ұзақ мерзімді бейбітшілік қалаймыз"
Сауд Арабиясы Эр-Риядтағы форумда энергияны үздіксіз жеткізуге уәде берді
АҚШ-та судья мемлекеттік қаржымен қаржыландырылған Трамп жарнамаларын тоқтату туралы шешім шығарды
Түркия, Мысыр, Пәкістан және Сауд Арабиясы хоуситтердің шабуылдарын айыптады
НАТО-ның жыл сайынғы  жаттығулары 13 қазанда басталады