ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Израиль құрбан айт қарсаңында Газаға шабуылдады
Израиль Газада сауда аймақтары мен босқындар паналаған шатырларды нысанаға алып, тоғыз палестиналықтың өліміне себеп болды.
Израиль құрбан айт қарсаңында Газаға шабуылдады
Израиль құрбан айт қарсаңында Газаға шабуылдады / AA

Денсаулық сақтау саласындағы дереккөздердің мәліметінше, Израильдің Газаға жасаған әуе шабуылдарында үш палестиналық қаза тауып, сейсенбі күні құрбан айт қарсаңында қаза тапқандар саны тоғызға жетті. Шабуылдар атысты тоқтату режимінің бұзылуы жалғасқан кезеңде жүзеге асырылды.

Шабуыл барысында дүкендер орналасқан тұрғын үй, Газа қаласының ең қарбалас сауда аймағындағы тағы бір тұрғын үйдің шатыры, азаматтық көлік пен Газаның орталық және оңтүстік бөліктерінде бейбіт тұрғындар жиналған орындар нысанаға алынған.

Израильдің әскери ұшақтары Газа қаласының батысындағы оңтүстік Римал ауданындағы тұрғын үйге соққы жасап, салдарынан үш палестиналық қаза тапты, 20 адам жараланды.

Куәгерлердің айтуынша, Израильдің әскери ұшақтары ғимаратқа бірнеше зымыран атқан.

Дереккөздер Римал ауданындағы тұрғын үйдің шатырын нысанаға алған тағы бір Израиль шабуылынан бес палестиналықтың жараланғанын хабарлады.

Жарылыстар көліктерді күлге айналдырды

Бұған дейін Хан-Юнустың батысында азаматтық көлікті нысанаға алған шабуылдан екі палестиналық қаза тауып, көптеген адам жараланған еді.

Медициналық дереккөздің айтуынша, екі адамның мәйіті Насыр медициналық кешеніне қатты күйген күйде жеткізілгендіктен, олардың кім екені бірден анықталмаған.

Куәгерлер Израильге тиесілі ұшқышсыз ұшу аппаратының Хан-Юнустағы Әл-Мәуаси аймағында азаматтық көлікке соққы жасағанын айтты.

Куәгерлер сондай-ақ Израильдің әскери кемелері Рафах пен Хан-Юнус жағалауларына қарай оқ атқанын, алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер болмағанын айтты.

Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, өткен жылдың қазан айынан бері 906 палестиналық қаза тауып, 2 мың 747 адам жараланған.

Іздеу
Гутерриш  Газада  атысты тоқтатуға шақырды
Мәскеуге жасалған дрон шабуылынан бір адам қаза тапты
Болгарияда бірқатар мекемеге бомба қойылғаны туралы хабарламалар түсті
Түркия «Артемида» бағдарламасы аясында Ай базасын салуға көмектесе алады
Президент Ердоған "AileFest-ке" қатысты
Үш ғалым медицина саласындағы Нобель сыйлығын иеленді
Түркия Израильдің Сирия аумағындағы заңсыз әрекеттерін айыптады
«Aselsan» 2,75 миллиард долларлық келісімшартқа қол қойды
Роналду Португалия құрамасына қайта оралуы мүмкін
Испанияда мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтеді
“OpenAI” бас директоры жасанды интеллектінің пайдасы кейбір тәуекелдерге тұрарлық деп санайды
Ресейде зертхана қызметкерінің өлімі обаға қатысты күдік туғызды
77-Халықаралық ғарыш конгресі Анталияда басталды
АҚШ Израильге қосымша әскер мен әуе техникасын орналастырады
Ми бірнеше тапсырманы қатар орындау үшін өзін қайта бағдарлай алады